AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Прагада Алматы тарихи музейінің көрмесі ашылады

Прагада Алматы тарихи музейінің көрмесі ашылады

Көрме 06.08.2024, 16:54 1,213 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Прагада Алматы тарихи музейінің көрмесі ашылады
almaty-akshamy.kz

Ертең, яғни 7 тамызда Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі, Прага қаласының мэриясы және Прага қаласы музейінің қолдауымен Алматы қаласы тарихы музейінің «Уақыт керуені» атты халықаралық көрме ашылады.

Ұйымдастырушы – Алматы қаласы музейлер бірлестігі мен Прага қаласы музейі. 2024 жылы екі музей арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын.

Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 1 қаңтарда құрылды. Жыл өткен сайын екі ел арасындағы мәдени байланыс нығайып келеді. Ашылғалы отырған көрме – осы ынтымақтастықтың нақты көрінісі.

Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайту, сондай-ақ Ұлы дала халқының тарихы мен мәдениетімен – жалпы көшпенділер мәдениетімен, атап айтқанда көшпелі қазақтардың дәстүрлерімен, тұрмысымен, философиясымен және дүниетанымымен таныстыру.

Алматы қаласы тарихы музейінің «Уақыт керуені» көрмесі келушілерді Ұлы Даланы мекендеген халықтың терең тарихы мен мәдениетімен таныстырып, екі ел арасындағы мәдени диалогты жалғастырады. Көрмеге Алматы қаласы музейлер бірлестігі қорынан 220-дан астам экспонат қойылады. Көрме қазақ халқының тұрмысын, салт-дәстүрін, қолданбалы өнерін баяндайтын этнографиялық жәдігерлер, музыкалық аспаптар мен Алматы қаласының тарихы мен қазіргі өмірін көрсететін фотосуреттерге негізделген.

Алматы қаласы музейлер бірлестігі Қазақстанның қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қатысады. Оның үлесінде 2022-2024 жылдары ерекше дамыған халықаралық ынтымақтастықтың кең бағдарламасы бар. Мәселен, бұған дейін Сеул (Корея Республикасы), Стамбул (Түркия), Неаполь (Италия) және Вена (Австрия) қалаларында үлкен жетістікпен өткізілген халықаралық көрмелерді атауға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Уақыт керуені #Прага #музей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Бүгін 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);