конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Постсекулярлы қоғам және ұлттық сана: жаңа ғылыми...

Постсекулярлы қоғам және ұлттық сана: жаңа ғылыми еңбек көпшілікке ұсынылды

Не? Қайда? Қашан? Бүгін 13:57 42
Постсекулярлы қоғам және ұлттық сана: жаңа ғылыми еңбек көпшілікке ұсынылды
Суретті ұйымдастырушылар ұсынған

Таныстырылым барысында кітап Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қорына тапсырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында тарих ғылымдарының докторы, «Нұр-Мүбарак» университетінің профессоры, Геосаяси зерттеулер институтының директоры Асылбек Ізбаировтың «Зайырлы мемлекет, постсекулярлы қоғам және қазақ Әдебі – Қазақстанның жаңа ұлттық бірегейлігінің негізі ретінде» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Іс-шара барысында ұлттық бірегейлік, қоғамдық шоғырлану, рухани егемендік, зайырлылық және қоғамдық әдеп мәселелері талқыланды. Кездесуге ғылыми және сарапшылық қоғамдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері, журналистер, оқытушылар, студенттер және қоғамдық даму мәселелеріне қызығушылық танытқан азаматтар қатысты.

Іс-шараны «Деловая неделя» газетінің бас редакторы Махамбет Әуезов ашты.

Кітапты автор Асылбек Ізбаиров таныстырып, еңбектің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Зерттеуде зайырлы және діни құндылықтардың арақатынасы, постсекулярлы қоғам тұжырымдамасы және ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселелері қарастырылған.

Автор сондай-ақ қазақ Әдебі ұғымының қазіргі қоғамдағы орнына тоқталды. Кітапта Әдеп ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі және қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін мәдени-этикалық құндылық ретінде қарастырылады.

Зерттеуде қоғамдық келісім, ұлттық сана, рухани құндылықтар, мәдени сабақтастық және зайырлы мемлекет қағидаттары да қамтылған. Автор бұл мәселелерді Қазақстандағы ұлттық бірегейліктің қалыптасу үдерісімен байланыстырады.

Таныстырылым барысында кітаптың Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қорына тапсырылу рәсімі өтті.

Іс-шарада «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев және «Либерти» қоғамдық қорының директоры Ғалым Агелуев сөз сөйлеп, кітапта көтерілген тақырыптарға қатысты пікірлерін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Центральная көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 14:18

ЖИ нотариат саласына да енгізілетін болды

Бүгін 14:10

Еліміздегі көлік көп жүретін ақылы жолдардың рейтингі жасалды

Бүгін 14:05

Қазақстанда ПЭТ/КТ зерттеуін күту мерзімі 14 күнге дейін қысқарды

Бүгін 13:32

Болашақ реакторларға арналған материалдар қалай сыналады?

Бүгін 13:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);