AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Полицейлер қазақстандықтарға қауіп төндіретін алая...

Полицейлер қазақстандықтарға қауіп төндіретін алаяқтық схеманы әшкереледі

Заң мен тəртіп 02.11.2024, 16:12 1,319
Полицейлер қазақстандықтарға қауіп төндіретін алаяқтық схеманы әшкереледі
Сурет: Stopfake.kz

Алаяқтар қазақстандықтардың жеке деректері мен ақшалай қаражатын иемдену үшін өздерін курьер, дәрігер, түрлі қызметтердің қызметкерлері деп таныстыратын жағдайлар жиілеп кетті.

Polisia.kz сайты алаяқтық схема туралы ескерту жасауда, деп хабарлайды aqshamnews.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ең кең таралған алаяқтық әдістердің бірі – азаматтарға пошта қызметінің курьерлері, медициналық мекемелердің дәрігерлері немесе энергетикалық компания қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу. Сондай-ақ, басқа да түрлі мекемелердің қызметкерлері ретінде көрініп, адамдарға шұғыл шешім қабылдау қажеттілігін ұғындыру арқылы алдауды мақсат етеді. Мұндай жағдайларда алаяқтар қызмет көрсету процесін растау үшін азаматтан 1414 нөмірінен келген SMS хабарламаның кодын жазып жіберуді сұрайды. Алайда бұл код іс жүзінде жәбірленушінің банктік шотына қол жеткізу үшін қаржылық операцияларды растауға арналған.

Келесі кезеңде жәбірленушіге «банктің қауіпсіздік қызметкерлері» хабарласып, біреудің оның атына несие рәсімдеуге тырысып жатқанын айтады. Өз қаражатын қорғау үшін алаяқтар «қауіпсіз» әдіс ретінде жәбірленушіге несиені өзі рәсімдеуді және ақшаны арнайы «қауіпсіз» шотқа аударуды ұсынады. Нәтижесінде, жәбірленуші алаяқтардың алдын ала белгісіз шоттарына қаражат аударуға итермеленіп, үлкен қаржылық шығынға ұшырайды», – дейді Павлодар облысы полиция департаменті киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанат.

Полиция азаматтарды қырағылық танытуға шақырады: жеке мәліметтерді бөтендерге бермеңіз, SMS арқылы келген кодтарды ешкімге хабарламаңыз, күмәнді адамдармен сөйлесуден аулақ болыңыз және кез келген күдік туындаған жағдайда дереу банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

«Есіңізде болсын, банктер мен ресми мекемелердің қызметкерлері Сізден ешқашан кіру кодтарын талап етпейді және шұғыл түрде әрекет етуіңізді сұрамайды», – дейді тәртіп сақшылары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алаяқтар #Ескерту #полицейлер #әшкерелеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кітап ұсыну акциясы өтті

Бүгін 23:13

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектінің дамуына үлес қосқаны үшін Дженсен Хуангты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін 19:09

NVIDIA жетекшісі Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады

Бүгін 19:05

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Бүгін 18:59

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Бүгін 18:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);