Полицейлер Алматыда ұрланған қаруды тәркіледі

Полицейлер Алматыда ұрланған қаруды тәркіледі Сурет: Polisia.kz.

Тәркіленген қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.


Алматы полицейлері қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды тәркіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Iшкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонаған үш адам ұсталды. Олардан бес мылтық тәркіленді.



«Екі күдікті – Алматы облысының, тағы біреуі Жамбыл облысының тұрғындары. Айтпақшы, ол бұрын тонау бойынша сотты болған. Олар 22-24 жаста. Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағында арнайы іс-шара барысында екі күдікті ұсталды, тағы бір айыпталушы Алматыдағы Достық даңғылындағы сауда үйінде тұтқындалды. Олар қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.



Тәркіленген қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:46

17:03

16:47

16:12

15:15

14:50

14:04

12:11

11:45

11:01

10:03

09:40

09:09

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12