AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Пластикті кәдеге жарату: Қала күнінде экоаймақ қон...

Пластикті кәдеге жарату: Қала күнінде экоаймақ қонақтарын не күтеді

Алматы Бүгін 17:50 37
Пластикті кәдеге жарату: Қала күнінде экоаймақ қонақтарын не күтеді
Алматы әкімдігі

Арнайы аппараттың көмегімен пластикті балқытып, қайта өңдеу үдерісі де көрсетіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

19 қыркүйекте Алматыда Қала күнін атап өту аясында ECO Network экоаймағы ашылады. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу туралы көбірек мәлімет алып, пластик қалдықтардың жаңа бұйымдарға қалай айналатынын көре алады. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС мамандары айтты.

Экоаймақ сағат 09:00-де Панфилов көшесінде, Гоголь және Төле би көшелерінің аралығында жұмыс істейді. Алаңда экотрак жұмыс істеп, онда қалдықтарды сұрыптау және оларды кейін қайта пайдалану жолдары туралы айтылады.

Велошреддерлер арқылы қатысушылар велосипед педалін айналдырып, пластик қақпақтарды өздері ұсақтай алады. Сондай-ақ, қонақтар эко-корнхолл мен «Сыр» ойынына қатыса алады.

Арнайы аппараттың көмегімен пластикті балқытып, қайта өңдеу үдерісі де көрсетіледі. Келушілер өңделген пластиктің жаңа бұйымға қалай айналатынын нақты уақыт режимінде тамашалай алады.

Қонақтар үшін сыйлық пен ұтыс ойыны да дайындалды. ECO Network қосымшасында алдын ала тіркеліп, іс-шараға келген қатысушылар арасында қайта өңделген пластиктен жасалған, тірі гүлдері бар үш авторлық құмыра ойнатылады.

Ұтыс ойынына қатысу үшін 18 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін ECO Network қосымшасындағы іс-шара парақшасында «Я пойду» батырмасын басу қажет. 19 қыркүйекте экоаймаққа келіп, қосымшаны үйлестірушіге көрсетіп, QR-кодты сканерлеу арқылы қатысуды растау керек.

Сонымен қатар ECO Network жүйесінде тіркелген пайдаланушылар сыйлық ала алады. Ол үшін Instagram желісіндегі @ecohub.almaty парақшасына жазылып, экоаймақтан аккаунтты белгілеп сторис жариялау және оны үйлестірушіге көрсету қажет. Қатысушыларға қайта өңделген пластиктен жасалған бірегей бұйым сыйға беріледі.

ECO Network экоаймағы Қала күніне арналған мерекелік бағдарламаның бір бөлігі болмақ. Мұнда келушілер ойындар мен түрлі белсенділіктерге қатысып қана қоймай, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің маңызын және пайдаланылған материалдарға екінші өмір сыйлау жолдарын тәжірибе жүзінде көре алады.

Күні: 19 қыркүйек 2026 жыл

Басталуы: 09:00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Панфилов көшесі, Гоголь және Төле би көшелерінің аралығы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала күні қарсаңында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды кезекте тұрған азаматтарға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады

Бүгін 18:15

Алматыда Қала күні алғашқы гастрономиялық көше ашылады: тұрғындар ашылу салтанатына шақырылады

Бүгін 18:15

Елімізде 16,2 млн тонна астық жиналды, қабылданған жұмсақ бидайдың 74%-ы үшінші сыныпқа жатады

Бүгін 18:01

Алматыда Қала күніне орай бірегей мультимедиялық 3D MAPPING SHOW ұсынылады

Бүгін 18:01

19 және 20 қыркүйекте Алматыда Қала күніне арналған негізгі мерекелік іс-шаралар өтеді

Бүгін 17:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);