Аталған шара цифрландыру мен жастар бастамалары
саласындағы жарқын оқиғаға айналды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Петропавл қаласында жасанды интеллект технологиялары негізінде
цифрлық шешімдерді әзірлеуге арналған республикалық CYBERSHIELD
HACKATHON 2026 өтті.
Іс-шара
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг
агенттігінің бастамасымен «Заң мен тәртіп» нарративін жүзеге асыру аясында,
М. Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің алаңында
ұйымдастырылды.
Хакатон жастар арасында кең қызығушылық тудырды:еліміздің 8
өңірінен өтінімдер түсіп, 15 жоғарғы орнынан шамамен 170 студент қатысты.
Қарқынды жұмыс барысында командалар агроаналитика және цифрлық
қауіпсіздік салаларында шешімдер әзірледі. Ұсынылған жобалар жоғары
деңгейде дайындалғанымен, креативтілігімен және ең бастысы практикалық
бағыттылығымен ерекшеленді.
Хакатонның шарықтау шегі жобаларды қорғау кезеңі болды. Бұл
кезеңде идеялар арасында тартысты әрі қызықты бәсеке орын алды.
Жеңімпаздарды аңықтау онайға соқпады, себебі әр команда нақты өмірде
қолдануға болатын мықты әрі өміршең идеялар ұсынды.
Қатысушылар өздерінің кәсіби бөлімдерін ғана емес, сонымен қатар
командада жұмыс істеу, жедел шешім қабылдау және стратегиялық ойлау
қабілеттерін көрсетті.
Агроаналитика бағыты бойынша жүлделі орындар Астана мен Алматы
командалар арасында бөлінді: үшінші және екінші Astana IT University және
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет командалары
иеленді, ал бірінші орынды Алматы қаласындағы Қазақстан-Британия
университеті алды.
AI және криптоқауіптерге қарсы бағытта жеңімпаздар географиясы
кеңірек болды – Астана және Қостанай командалары үшінші және екінші
орындарды бөлісті, ал жеңісті Солтүстік Қазақстан университеті жеңіп алды,
ол сондай-ақ ең креативті шешім үшін марапатталды.
Бірқатар жобалар инновациялылығы терең талдануы және енгізу
әлеуетінің жоғары болуына байланысты ерекше атап өтілді. Кейбір шешімдер
қазірдің өзінде әрі қарай дамыту және тәжірибеде қолдану үшін негіз ретінде
қарастырылуда.
Хакатонды өткізу өңірдің цифрлық экожүйесін дамытудағы маңызды
қадам болды. Іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінен келген талантты жастарды
біріктіріп қана қоймай, ашықтықты, тиімділікті және қауіпсіздікті арттыруға
бағытталған идеяларды қалыптастыру алаңына айналды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар цифрландыру
саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда және экономика мен қоғамның өзекті мәселелерін шешуге қабілетті жаңа буын мамандарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.