Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Петропавлда ауруханаға шыққан 75 жастағы зейнеткер...

Петропавлда ауруханаға шыққан 75 жастағы зейнеткер әйел үсіп өлген

Оқиға 16.01.2026, 09:00 310
Петропавлда ауруханаға шыққан 75 жастағы зейнеткер әйел үсіп өлген
depositphotos.com

Петропавл қаласында хабарсыз кеткен 75 жастағы әйел аурухана аумағынан ауыр халде табылып, кейін жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Зейнеткердің жоғалғаны туралы ақпаратты 14 қаңтар күні LIDER волонтёрлер қозғалысы әлеуметтік желіде жариялаған. Мәліметке сәйкес, әйел сол күні түскі сағат 13:00 шамасында үйінен ауруханаға бет алып, қайта оралмаған.

Туыстары кешке полицияға арыз түсіріп, іздеу жұмыстары басталған. Аурухана марқұмның үйінен бірнеше минуттық жерде орналасқанына қарамастан, оны сол түні табу мүмкін болмады. Ұялы телефоны өшірулі болған. Полицейлер әйелдің денсаулығына байланысты бағыт-бағдарын жоғалтуы ықтимал екенін айтыпты.

Tengrinews.kz ақпарынша, Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті іздеу жұмыстарына 60-тан астам адам жұмылдырылғанын хабарлаған. Алайда, түнгі уақытта зейнеткерді табу мүмкін болмады.

«Қалалық полиция, департамент қызметкерлері, СОБР жауынгерлері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері және волонтёрлер іздеуге қатысты. Ауа райының қолайсыздығы жұмысты қиындатты. Барлық әбаруы мүмкінә орындар тексеріліп, бейнебақылау жазбалары қаралды, алайда түнгі уақытта әйелдің қайда екені анықталмады», – деді баспасөз хатшысы Адемау Меңдыбаева.

15 қаңтар күні таңертең зейнеткерді учаскелік инспектор аурухана аумағындағы шаруашылық корпус маңынан, адам сирек жүретін аймақтан тапқан.

«Әйел қатты тоңып, үсіп қалған. Сөйлесе алмайтын жағдайда болды. Оны бірден жедел жәрдем бригадасына тапсырдық, бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады», – деді ведомство өкілі.

Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Айта кетейік, қазір Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысында үшінші күн қатарынан қатты аяз сақталып отыр. Ауа температурасы минус 35-38 градусқа дейін төмендеген. Осыған байланысты жолдар жабылып, оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшірілді. Барлық төтенше қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Полиция тұрғындарға егде жастағы, денсаулығында кінәраты бар туыстарын бақылаусыз сыртқа шығармауға, олардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Петропавл #үсіп өлу #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі