Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Петропавл тұрғыны сепаратистік әрекеті үшін 3 жылғ...

Петропавл тұрғыны сепаратистік әрекеті үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Заң мен тəртіп 06.06.2023, 11:50 1,201
Петропавл тұрғыны сепаратистік әрекеті үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: 24.kz

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, Петропавл қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі «Телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының біртұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды насихаттау» бойынша С.- ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Петропавл тұрғыны 2021 жылғы 6 қыркүйек күні шамамен сағат 22.00-де әпкесінің ұялы телефонын пайдалана отырып, бейнебайланыс арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен пайдаланушылардың анонимді қарым-қатынасына арналған «Чат Рулетка» қосымшасына кірген. Кездейсоқ қосылу нәтижесінде бұрын таныс емес ер адаммен онлайн әңгіме бастаған.



«Чат Рулетка» қосымшасындағы бейнебайланыс арқылы әңгімелесу барысында С. кездейсоқ пайдаланушы-әңгімелесушінің сұрақтарына Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласын Ресей Федерациясының құрамына алуын өтіне бастаған. Ер адам әңгімелесуді жазып алып, сол күні жазбаны YouTube бейнехостингінде жариялады», - делінген баспасөз хабарламасында.



Прокурор С.-ны 6 жылға бас бостандығынан айыруды, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеуді тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәні ішінара мойындады. Айыпталушының кінәсі толық дәлелденді.


Нәтижесінде Петропавл қалалық соты С.-ның жұбайы 1-топтағы мүгедек екендігін және оның жас баласының болуын ескеріп, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сепаратистік әрекет #Жаза #Петропавл тұрғыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы 2024 жылғы референдумдағы дауыс беру бойынша өз көрсеткішінен асып түсті

Бүгін 16:42

Алматыдағы сайлау учаскелерінде отбасылық көңіл-күй: балаларға арналған бояу суреттері, аттракциондар мен қуыршақ қойылымдары ұйымдастырылды

Бүгін 16:40

Алматыда референлдум қалай өтіп жатыр? Фоторепортаж

Бүгін 16:16

Аты аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегенова Алматыда өткен референдумға қатысты

Бүгін 16:11

Алматыдағы кейбір референдум учаскелерінде әйелдерге гүл сыйланды

Бүгін 16:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика