конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Педагогтің электронды портфолиосы біртіндеп іске қ...

Педагогтің электронды портфолиосы біртіндеп іске қосылады

Білім және ғылым 20.09.2022, 10:20 1,927
Педагогтің электронды портфолиосы біртіндеп іске қосылады
Сурет:Рedsovet.org

Бұл - Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің сөзі.


Электронды портфолио енгізілген кезде, мұғалімдер қағаз жүзінде құжат тапсырудан толық құтылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жыл соңына дейін педагогтің электронды портфолиосы ақпараттық модулін іске қосу жоспарланып отыр.



Бұл жүйе – өте қажетті жүйе. Жыл аяғына дейін толығымен аяқтауымыз керек. Бірақ ішіндегі барлық тетіктері дайын болғанын күтіп отырмаймыз, біртіндеп іске қоса береміз. Бұл жүйе мектепте істейтін педагогтерге ғана емес, колледж мұғалімдеріне, балабақшадағы әріптестеріміздің бәріне тиесілі әрі қажет жүйе болады. Педагог асттестациясы да толығымен электрондық жүйе арқылы өтеді. Әр педагогтің жеке портфолиосы, білімі, санаты, тәжірибесі, жетістіктері, дипломы, біліктілік курстары туралы сертификаттары, бәрі осы жүйеде болады, – деді Асхат Аймағамбетов.



Оның айтуынша, электрондық портфолио толық іске қосылғанда, мұғалімдер қағаз жүзінде құжат тапсырудан толық құтылады.


Аттестация болсын, конкурс болсын, директорлық лауазымға құжат өтізу қажет болсын, курсқа жазылса да, түрлі сайыстарға қатысса да электрондық портфолиосы бойынша бір кнопканы ғана басып, қажетті ақпаратты тікелей жібере салуға мүмкіндік алады, – деді ведомство басшысы.


Сонымен бірге ол аталған құрал арқылы мұғалімдердің шағымдану процесін де жеңілдету көзделгенін атап өтті.



«Бұған тағы бір қосымша енгізіп жатырмыз. Қағазбастылық болса, педагогтің құқықтары бұзылса, арнайы фукнция арқылы электронды портфлиоға кіріп-ақ тікелей шағым түсіруге мүмкіндік береміз. Ешқайда барып жатпай, басқа қосымша сервситерге, ақпараттық жүйелерге сүйенбей, осы жерден-ақ, мысалы біздің №130 бұйрықта қарастырылмаған есептер болса, өзіне тән емес жұмысқа мәжбүрлесе, басқа да жағдайларда мұғалім өзінің жеке электрондық портфолиосынан тиісті ақпаратты тікелей жібере алады. Ол ақпарат бірден біздің жергілікті департаменттерге түседі. Олар аталған ақпаратпен дереу жұмыс істеуге міндетті болады. Корпоративтік поштасы да болады. Жаңалықтар да, сауалнамалар да, мұғалімге керек барлық нормалар, ақпараттар осы жерге орналастырылып, біздің әріптестерімізге ыңғайлы болады деп есептеймін», - деді министр.



Бұған қоса министрлікке қарасты Ақпараттық-талдау орталығының басқарма төрағасы Мағжан Аманғазының айтуынша, портфолиода педагогтің өзіне тиесілі айлығын есептейтін қосымша да орнатылмақ.



«Мұғалімнің жалақысын есептеуге арналған калькулятор, біліктілікті арттыру курсына қажетті құжат тапсыру, Ұлттық біліктілік тестіне қатысуға өтінім беру сияқты көптеген қызметтерді қарастырамыз. Бәрі бірден емес, рет-ретімен енгізіледі», – деді орталық басшысы.



Еске сала кетсек, бұған дейін Аймағамбетов ведомствоның аппарат жиналысында мектеп асханаларындағы тамақ пен сусын бағасының әлі де арзандамай тұрғанын сынға алған болатын.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#портфолио #мұғалім #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Кеше 18:53

Алматыда ECO CLUB MEDEU жастар экологиялық қауымдастығының тұсаукесері өтіп, бизнес өкілдері қалдықтарды қайта өңдеуге белсенді қатысуға шақырылды

Кеше 18:50

Алматыда «Жастар қатысатын бюджет» жобасы іске қосылады: үздік бастамаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Кеше 18:34

Алматы Еуропа аудиториясына Viajar журналында таныстырылды

Кеше 18:31

Алматыда ашық аспан астындағы йога мен стретчинг: қалалық тегін жоба жалғасуда

Кеше 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);