AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Павлодарда қос азаматтыққа қатысты заң бұзылған

Павлодарда қос азаматтыққа қатысты заң бұзылған

Заң мен тəртіп 18.08.2025, 16:50 651 yakiya
Павлодарда қос азаматтыққа қатысты заң бұзылған
Сурет: almaty-akshamy.kz

ҚР ІІМ мәлімдеуінше, қазақстандықтарға азаматтыққа қатысты ескертулер жасалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Таратылған ақпаратта Қазақстан заңнамасына сәйкес азаматтарға қос азаматтық алуға қатаң тыйым салынатындығы атап өтілді.

"Егер азамат басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаса, ол 30 күн ішінде көші-қон қызметі органдарына хабарлап, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу рәсімін ресімдеуі қажет",- делінген ақпаратта.

Алайда тәжірибе көрсеткендей, кейбір азаматтар шетел азаматтығын алғанымен, бұл талапты орындамайды. Соның салдарынан заңсыз қос азаматтыққа жол беріледі.

"Екінші азаматтық алудың негізгі себептері – тек еркін жүріп-тұру ғана емес, сонымен бірге материалдық пайда табу мүмкіндігі. Мәселен, зейнетақы тағайындау, жәрдемақы алу немесе басқа да әлеуметтік төлемдер",- делінген ақпаратта.

Павлодар облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартовтың айтуынша, биыл Павлодар облысында қос азаматтықтың 1047 фактісі әшкереленді.

"Оның ішінде басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы уақтылы хабарламағаны немесе Қазақстан азаматтығынан айырылғаннан кейін де ҚР құжаттарын пайдаланғаны үшін 28 адам жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Германия, АҚШ, Түркия, Польша, Испания және Чехия мемлекеттерінің азаматтығын алған қазақстандықтар тарапынан азаматтықтан айырылу фактілері тіркелді, – деді Сартов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азаматтық #ІІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);