AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Павлодарда 34 млн теңгеден астам қарызы бар көлік...

Павлодарда 34 млн теңгеден астам қарызы бар көлік айыптұраққа қойылды

Оқиға 26.03.2026, 11:43 214 Дина
Павлодарда 34 млн теңгеден астам қарызы бар көлік айыптұраққа қойылды

Павлодар облысында «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 34 миллион теңгеден астам өтелмеген берешегі бар ұйымға тиесілі көлік анықталып, арнайы тұраққа қойылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында берешегі бар азаматтарды анықтауға бағытталған рейдтік шаралар жалғасып жатыр. Патрульдік полиция, прокуратура және сот орындаушылары бірлесіп «Борышкер» профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Оның мақсаты – әкімшілік қаулылардың орындалуын қамтамасыз етіп, қарыздарды өндіріп алу.

Кезекті тексеру кезінде жол қозғалысы ағынынан Cadillac Escalade көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында аталған автокөлік иесі саналатын ұйымның 34 миллион теңгеден астам өтелмеген берешегі бары анықталған.

Павлодар қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Жандос Мейрамғазының айтуынша, жеке сот орындаушысының қаулысы негізінде көлік арнайы айыптұраққа қойылған.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға әкімшілік айыппұлдар мен өзге де қарыздарды уақытылы өтеу қажет екенін ескертті. Бұл мәжбүрлі шаралардың, соның ішінде мүлікті тәркілеу мен көлікті айыптұраққа қоюдың алдын алуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36

Көкшетауда көлік әйелді басып өлтірді

Бүгін 12:31

Бүгін – Аналар күні

Бүгін 11:14

Бәйтерек маңында ерсі суретке түскен студент жазаланды

Бүгін 10:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);