Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Павел Дуров Қазақстанда ережеге қайшы әрекет жасағ...

Павел Дуров Қазақстанда ережеге қайшы әрекет жасаған видеосын жариялады

Оқиға 07.10.2025, 15:48 386
Павел Дуров Қазақстанда ережеге қайшы әрекет жасаған видеосын жариялады
сурет: видео кадры

"ВКонтакте" мен Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай көліне түсіп, құқықбузышылық жасады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Ол Көлсай көліне түсіп шығып жатқан сәтін Telegram-дағы сторисінде жариялап, "Керемет шомылдым" деп қысқа жазба қалдырды. Бейнежазбада кәсіпкердің суға бейқам түрде кіріп бара жатқаны көрінеді.

Алайда желі қолданушылары "Көлсайда шомылуға бола ма, айыппұл салынбай ма?"деген сауал қойды. Ұлттық парк ережесіне сәйкес, туристерге суға тек арнайы белгіленген орындарда ғана кіруге рұқсат, ал өзге аймақтарда немесе суық маусымда шомылу – талапты бұзуға жатады.

кадр видеодан алынды: t.me/durov

Ұлттық саябақтың Табиғи кешендердің өсімін молайтуды қорғау департаменті (ТКӨМҚ) түсініктеме берді. Ведомство өкілдері Көлсай көлінде шомылу әкімшілік құқықбұзушылық екенін, барлық келушілерге тыйым салынғанын хабарлады. Ереже бұзғандарға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған – бұл 39 320 теңге.

Көлсай көлдері – Іле Алатауындағы үш тау көлінің жүйесі (Алматы облысы), теңіз деңгейінен 1 800–2 500 метр биіктікте орналасқан. Суы өте мөлдір әрі суық: жаздың өзінде температурасы сирек жағдайда 15°C-тан асады.

Айта кетейік, Павел Дуровтың Көлсайға сапары, шамамен, оның Астанада өткен Digital Bridge 2025 форумына қатысуынан кейін жалғасқан. Ол форумда Қазақстанда ЖИ зертханасын ашатынын мәлімдеген еді.

 
 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Павел Дуров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі