Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Пәтер жалдағанда нені ескеру керек?

Пәтер жалдағанда нені ескеру керек?

Мұны білген жөн 02.06.2025, 10:48 893
Пәтер жалдағанда нені ескеру керек?
Сурет: Egemen.kz

Алматыда, Астанада немесе басқа ірі қалада пәтерді жалға алу оңай емес. Ақшаны жалған "риэлторға" беріп, үйсіз қалмаудың, алданып қалмаудың жолы бар ма? Бар! Жалға пәтер алғанда нені есте ұстаған жөн? Бұл мақалада ең қажет лайфхактарды топтастырдық, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Ақшаны ешқашан алдын ала аудармаңыз!

Әдетте пәтер жалдауға келгенде алаяқтар "бұл үйге қызығып жүрген адам көп, маған қазір белгілі мөлшерде ақша аударсаңыз, үйді сізден басқа ешкімге жалға бермеймін" деп алдайды. Мен де бірнеше рет бұл қармаққа ілінгенмін. Алайда пәтерді жалға беруші алдымен кімге жалға берейін деп жатқанына көз жеткізеді. Сондықтан олар да қызығушылығы бар адамның баспананы келіп көріп, көзбе-көз келісімге келгенін қалайды. Бір қызығы, алаяқтар сенімге кіру үшін тіпті жеке куәліктің суретін де жібереді, бірақ бұл оларға сенуге болады деген сөз емес. 

Лайфхак: Риэлторға немесе меншік иесіне алдын ала ақша жібермеңіз! Ең дұрысы – пәтерді өз көзіңізбен көріп, келісімшарт жасасқаннан кейін ғана төлеу.

Пәтер иесі ме, әлде делдал ма? Анықтап алыңыз!

Көп жағдайда пәтерді делдалдар өзін пәтер иесі ретінде таныстырып, оны жалға береді. Бірақ қандай да бір проблема болса, делдал заң алдында жауап бермейді.  Сосын пәтер иесі келіп, "бұл - менің пәтерім, босатыңдар" десе, далада қалуыңыз мүмкін. 

Не істеу керек? Пәтердің нақты иесін анықтаңыз. Ол үшін техпаспорттың көшірмесін сұраңыз.

Міндетті түрде келісімшарт жасаңыз

"Қазақпыз ғой, ауызша келісе салдық" дегеннің заң алдында күші жоқ. Егер келісімшарт болмаса, ертең пәтер иесі сізді кез келген уақытта қуып шығуы мүмкін. Ал егер пәтерде бірдеңе бүлінсе немесе көршімен жанжалдасып қалсаңыз, барлық жауапкершілік сіздің мойныңызға артылады. 

Келісімшартта не болуға тиіс?

  • Тараптардың толық аты-жөні мен ЖСН;
  • Төлем мөлшері мен төлеу мерзімі;
  • Коммуналдық қызметтердің кім төлеуі керегі; 
  • Пәтерге кімдер кіріп-шыға алатыны;
  • Жалға алу мерзімі мен бұзу шарттары. 

Әлеуметтік желі

Пәтер иесімен барлық хат алмасуды сақтаңыз. Қанша ақша бергеніңіз, қандай келісімге келгеніңіздің - бәрі кейін маңызды болуы мүмкін.

Мысалы: "20 000 теңге алдын ала төлемді пәтерді брондау үшін жібердім" деген скрин сізге сотта дәлел болады.  

Пәтердің техникалық күйін тексеріңіз

Есігі жабыла ма? Суы ағып тұр ма? Тоқ жүйесі жұмыс істей ме? Көршілері тыныш па? Бұл сұрақтарды нақтылап алыңыз. 

Нені тексеру керек?

  • Ыстық/суық су;
  • Газ плитасы;
  • Жуынатын бөлме (судың ағуы, иісі);
  • Терезе мен есіктің тұтқалары;
  • Wi-Fi.

Бағаға дұрыс "баға" беріңіз

Пәтер бағасы тым арзан болса, демек мұнда бір шикілік бар немесе алаяқтар сізді сан соқтырып кетуі мүмкін. Әдетте, пәтер бағасы орташа нарықтағы бағадан 30-40 пайызға арзан болса, демек бұл - алаяқтар.

Лайфхак: Krisha.kz, Olx.kz сияқты сайттардан сол ауданның, сол типтегі пәтерлердің орташа бағасын салыстырып қараңыз. 

Коммуналдық төлемдерді анықта

Көп жағдайда пәтер иесі мен жалға алушы коммуналдық төлемге қатысты сұрақты алдын ала талқыламайды. Кейін екеуінің арасында түсініспеушілік пайда болуы мүмкін.

Пәтерді жалға беруші күмәнді болса, бірден тексеріп алғаныңыз жөн. Алаяқтар өз схемасын үнемі жаңартып отырады. Сондықтан сақ болыңыз! 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пәтер #баспана #жалға алу #жалдау #алаяқтық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда үкіметтік емес ұйымдардың рөлі артып келеді: басты назар – Жаңа Конституция

Бүгін 10:39

Он жыл – он тағдыр

Бүгін 10:36

Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қосылды

Бүгін 10:24

Ұлттық банк валюталық операцияларға қатысты жаңа ережелерді бекітті

Бүгін 10:18

Нөсерден кейін Алматы коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді

Бүгін 09:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика