AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Партия алаңында әлеуметтік көмек көрсету мәселелер...

Партия алаңында әлеуметтік көмек көрсету мәселелері талқыланды

Әлеумет 22.06.2022, 12:17 1,326 Almaty-akshamy
Партия алаңында әлеуметтік көмек көрсету мәселелері талқыланды
сурет: Amanat

«AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Күн тәртібіндегі сұрақтарға байланысты Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Н.Тоғызбаева мен Білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Малғаждарова қатысты.
Отырыс барысында партияның Алматы қалалық Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының екі тармағы қаралып, «Отбасы институты» базасында жас аналарға арналған тегін қысқа мерзімді курстарды іске асыру туралы, 2022 жылы қалалық инфрақұрылымның бейімделген объектілерінің үлесін 61,1%-ға дейін ұлғайту сынды бірқатар өзекті сұрақтар бойынша жауапты басқармалардың есебі тыңдалды. 
Халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар туралы және Алматы қаласы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының 125,                     175 тармақтарының орындалу барысы туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Н.Тоғызбаева есеп берді.  
Ағымдағы жылдың 1 маусымына әлеуметтік төлемдердің             18 түрімен 2,6 млрд. теңгеге 48,8 мың адам қамтылса, 21,5 млн. теңгеге 1 240 отбасы тұрғын үй көмегін алды. Төлемнің басқа түрлерімен 1,4 млрд.теңгеге 22 026 адам қамтылды.
«AMANAT» партиясының Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында аудандық әкімдіктер қалыптастырылған нысандар тізіміне сәйкес бұрын жартылай бейімделген нысандарды толық бейімдеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдар және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін олардың қолжетімділігі тұрғысынан түгендеуге және бейімдеуге жататын объектілердің тізбесі бекітілді.
 Жиында Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Малғаждарова білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін қосымша білім берумен және спорт секцияларымен қамтамасыз ету барысы бойынша баяндап берді.  
         Білім басқармасымен қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін 5000 орынға 991,700 млн теңге бөлінген.  
Кеңес отырысын қорытындылаған төрайым, депутат Р.Шимашева  жиын барысында маңызды мәселелердің қаралғанын атап, айтылған ұсыныстардың республикалық қоғамдық Кеңесіне  және мемлекеттік органдарға тиісті шешім шығару үшін жолданатынын мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#партия #әлеумет #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика