Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Париж олимпиадасы билеттерінің жаппай сатылымы бас...

Париж олимпиадасы билеттерінің жаппай сатылымы басталды

Спорт 19.04.2024, 04:14 1,041
Париж олимпиадасы билеттерінің жаппай сатылымы басталды
Сурет: Olympic.kz

2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті  спорттық іс-шараларға билеттердің жаппай сатылымы басталғанын жариялады.


Акция кеше, 17 сәуірде басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.


Ұйымдастырушылар билет сатып алып үлгермеген жанкүйерлерге сыйлық жасап, Олимпиаданың басталуына 100 күн қалуын атап өтуді жөн көрген.


Бірқатар спорт түрлерінде билет сатылымы тоқтатылған еді.  Акция арқылы туристер мен жанкүйерлерге олимпиадалық жарыстарды көруге соңғы мүмкіндік беріліп отыр. Ол үшін барлық спорт түрлеріне, соның ішінде орындар толық сатылып кеткен жарыстарға 250 мың билет сатылымға шығарылды.


Билеттердің ең төменгі бағасы – 24 еуро. Ұйымдастырушылар мұндай билеттердің 20 мың данасын ұсынып отыр. Қалғандарының құны спорт түріне байланысты болады және шамамен 1000 еуроға дейін барады.


Оларды әлі де интернет арқылы тек ресми билет платформасынан сатып алуға болады. Қонақжайлық пакеттері де бар, онда билеттермен бірге тұрғын үй ұсынылады. Жанкүйерлер деңгейіне байланысты кез-келген орналасатын жерді таңдай алады, әртүрлі экскурсиялар мен интерактивтерге жазылу мүмкіндігі де бар.


Мұндай пакеттерді сатып алғандар үшін Clubhouse24 қолжетімді болады. Бұл – Олимпиада өтетін орынның әртүрлі бөлігінде орналасқан 200 арнайы алаң. Жанкүйерлерге Франция тағамдарымен танысу, спортшылардың мен әртістердің өнерін тамашалау, жарыстарды көру және т.б. ұсынылады.


Туристер Париж тынысымен танысуы үшін үшін санаттар бойынша арнайы пакеттер жинағы дайындалған: тарих және мәдениет, тамақ пен шарап, сән және стиль, заманауи Париж, отбасылық, белсенді және сауықтыру демалысы.


Қонақжайлық пакеттерін On Location платформасы арқылы сатып алуға болады, ол үш-бес жұлдызды рейтингі бар бірқатар қонақүйлермен және топтармен жұмыс істейді, оның ішінде ойындарды ұйымдастыру комитетінің серіктесі Accor да бар. Айта кетерлігі, жиынтыққа әуе билеттерінің құны кірмейді.


Олимпиада және Паралимпиада ойындарына билеттердің жалпы саны 13 миллионнан асады.


Айта кетерлігі, билеттер платформаға жүгіну кезегі бойынша сатылады. Сондықтан үлгергіңіз келсе, асыққан жөн. Бұл орындар түгел сатылып кеткен спорт түрлерінде билетке қол жеткізудің соңғы мүмкіндігі.


2024 жылғы Олимпиада ойындары Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Париж олимпиадасы #билет #жаппай сатылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика