AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Паралимпиада-2022: Қазақстандық парабиатлонист «қо...

Паралимпиада-2022: Қазақстандық парабиатлонист «қола» алды

Спорт 08.03.2022, 06:23 1,884 Almaty-akshamy
Паралимпиада-2022: Қазақстандық парабиатлонист «қола» алды
Cурет: Inform.kz

Енді қазақстандық спортшылар 11, 12, 13 наурыз күндері айтулы аламанда бақ сынайды


Қытай астанасы Бейжің қаласында 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан түрегеп сырғанауда Александр Герлиц қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстандық спортшы парабиатлоннан 10 шақырымға түрегеп сырғанауда жарыс жолына шықты. Ол еліміздің атынан аталған сайыста бақ сынаған жалғыз спортшы болатын.


Александр Герлиц мәре сызығын үшінші болып қиды. Ол жарыс жеңімпазы атанған канадалық Марк Арендзден 1:25.6-ке қалып қойды. Күміс жүлдені украиналық Григорий Вовчинский алды.


Айта кетсек, бұл медаль - биылғы қысқы Паралимпиадада қазақстандық спортшылардың алғашқы жүлдесі.


Сондай-ақ, бүгін пара биатлоннан отырып сырғанауда Сергей Усольцев 14, Ербол Хамитов 16-орын алды.
Еске салсақ, XIII қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан Сергей Усольцев пен Александр Герлицтен өзге Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин ел намысын қорғайды.


Енді қазақстандық спортшылар 11, 12, 13 наурыз күндері айтулы аламанда бақ сынайды.
Қазақстан спортшылары Паралимпиада ойындарына 1994 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді.


Бүгінгі күнге дейін ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс медаль түсті. 1994 жылы 10 шақырымға классикалық мәнерде шаңғы жарысында қазақстандық Любовь Воробьева «күміс» алса, 2018 жылы шаңғымен жарыста Александр Колядин 1,5 шақырымға классикалық мәнерде спринт жарысында чемпион атанды.


Қысқы Паралимпиада 4 және 13 наурыз аралығында өткізіледі. Онда әлемнің 50 мемлекетінен келген 700-ге тарта спортшы бақ сынауда. Қазақстан атынан барған 5 параспортшы спорттың екі түрінен жарысқа қатысуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бейжің-2022 #Паралимпиада #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1312 жедел желісі: алматылықтар кене шағуы мен вакцинация бойынша кеңес ала алады

Бүгін 14:21

ChatGPT психологтың орнын баса ала ма: ЖИ-мен сырласудың қаупі қандай?

Бүгін 14:16

Алматыда жастарға заң мен жауапкершілік жайы түсіндірілді

Бүгін 14:10

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);