Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Палеолит дәуірінің көп қабатты тұрағы анықталды

Палеолит дәуірінің көп қабатты тұрағы анықталды

Білім және ғылым 20.06.2022, 17:00 1,768
Палеолит дәуірінің көп қабатты тұрағы анықталды
сурет: Inform.kz

Тұттыбұлақ үңгіріндегі зерттеу жұмысы XX ғасырдың соңына қарай басталған


ҚР Ұлттық музейі Германияның Тюбинген университетімен бірлесіп Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында палеолит дәуірінің көп қабатты тұрағын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Халықаралық жоба аясында биыл мамыр айынан бастап Алматы облысындағы Кербұлақ және Еңбекшіқазақ аудандарында зерттеу жұмыстары жүрді. Нәтижесінде, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Тікенекті-2» тұрағындағы мәдени қабаттардан орта тас дәуірі, кейінгі палеолит және неолит дәуірлеріне жататын артефактілер анықталды. Мұнда Ұлттық музей қызметкерлерімен қатар Испания, Грекия, Германия, Америка елдерінің зерттеушілері, ғылым докторлары бар. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері де белсене атсалысып жатыр. Екі шәкіртіміз палеолит дәуіріне қатысты докторлық диссертациясын шетелде қорғайды», - дейді археологиялық зерттеу жұмыстарының қосалқы жетекшісі, музейдің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, академик Жәкен Таймағамбетов.



ҚР Ұлттық музейі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тарихи орыннан көптеген тас құралдары, соның ішінде нуклеустер, қырғыштар, үшкір тастар табылған. Қазба жұмыстары кезінде табылған жануарлардың сүйектері мен көмір қалдықтары зертханалық сараптамаға жіберілмек.


Бұған дейін Жәкен Қожахметұлы бастаған қазақ-орыс, қазақ-неміс, қазақ-жапон халықаралық экспедициялары Қаратау жотасынан бұрын-соңды белгісіз болып келген палеолит дәуіріне тиесілі 85 үңгірді анықтаған. Заманауи технологиялар арқылы Түркістан облысы Бәйдібек ауданына қарасты Боралдай тауындағы Тұттыбұлақ үңгіріне сканерлеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде орта тас дәуіріне жататын күлдің қалдығынан 41 мың жыл бұрынғы тіршілік белгілі болды.



«Тұттыбұлақ үңгіріндегі зерттеу жұмысы XX ғасырдың соңына қарай басталған. Үңгірдің қойнауына жасырған тарихи сыры барын білген Қазақстандағы тас дәуірі археологиясының негізін қалаушы, алғашқы қазақ археологтарының бірі, ғалым, менің ұстазым Хасан Алпысбаев 1959 жылы бұл орынды тапқанымен, қазуға мүмкіндігі болған жоқ. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге тұтастай топ атсалысуы тиіс. Сондықтан, бұл жұмыс кейінге қалып, ұстазымыздың бастамасын біз жалғастырдық. 2018 жылы «Palaesilkroad» жобасы аясында Тұттыбұлақ үңгірінде жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде күлдің қалдығы, тас құралдар және адамның жақ сүйегі табылды. Ол алғашқы адамдікі болуы да мүмкін. Қазіргі таңда жақ сүйек Германиядағы зертханада. Ал, күлдің қалдығына қарап, ошақ пен отты пайдаланған адамзат баласының сол кезеңде осы жерде де тіршілік еткенін айтуға болады. Биыл да Тұттыбұлақ үңгірінде жұмыс жүргізіледі. Қызықты нәтижелерге қол жеткіземіз деген сенім бар», - дейді Жәкен Таймағамбетов.



Келесі кезекте ҚР Ұлттық музейі мен Тюбинген университетінің археолог мамандарынан жасақталған экспедиция Қазақстан аумағындағы палеолит ескерткіштерін іздестіру, зерттеу жұмыстарын Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шығыс Қазақстанда жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Палеолит #зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика