Өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үлесі өсіп отыр

Өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үлесі өсіп отыр aqshamnews.kz

Елімізде ресми тіркеусіз өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны 170 мыңнан асты. Бұл – жыл басымен салыстырғанда 10%-ке көп көрсеткіш. Сарапшылардың айтуынша, мұндай азаматтар нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарына жатады және олардың экономикаға пайдасы мардымсыз деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Жылдың екінші тоқсанында өзін өзі жұмыспен қамтыған, бірақ ресми тіркеуі жоқ азаматтар саны айтарлықтай артты. Олардың 70%-і – еш жерде тіркелмеген, өз бетінше табыс табатын азаматтар. Қалған 24%-і – жеке қосалқы шаруашылықта күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын жұмысшылар. Ұлттық банк сарапшыларының айтуынша, бұл азаматтардың экономикадағы үлесі төмен, әрі салықтық базаға қосылмайды. Сәуір-маусым аралығында мұндай жұмысшылардың жұмыс күшіндегі үлесі 1,7%-ті құрады.

Ресми статистика бойынша Қазақстанда 9,3 миллион адам еңбекке тартылған. Оның 76%-і – жалдамалы жұмысшылар (шамамен 7 млн адам), ал 2 млн-нан астамы – өзін өзі жұмыспен қамтығандар. Жұмыссыздық деңгейі қатарынан төрт тоқсан бойы 4,6% деңгейінде қалып отыр. Алайда Мәжіліс депутаттары бұл көрсеткіштің шынайылығына күмән келтіруде.

Депутат Нартай Сәрсенғалиев Үкіметке сауал жолдап, жұмыссыздықты есептеу әдіснамасын қайта қарау қажеттігін айтты. Оның айтуынша, 5 миллионнан астам қазақстандықтың зейнетақы қорында қаражат жоқ және әлеуметтік аударымдар жасалмаған. Бұл – олардың шын мәнінде жұмыссыз екенін білдіруі мүмкін.

Үкімет халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдары негізінде жаңа әдіснама дайындайтынын растады. Себебі қазіргі есеп бойынша нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, уақытша жұмысшылар мен белсенділігі төмен азаматтар жұмыссыздар қатарына кірмейді. Егер осы топтар қосылса, жұмыссыздық деңгейі 8,3%-тен асуы мүмкін.

Ұлттық статистика бюросы екінші тоқсанда жұмыссыздар саны 2,7 мың адамға қысқарғанын хабарлады. Қазіргі таңда елде шамамен 450 мың жұмыссыз тіркелген. Еңбекке жарамды азаматтардың басым бөлігі сауда, білім беру, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласында еңбек етуде. 15 жастан асқан жұмысшылар жалпы еңбек нарығының 64%-ін қамтиды.

Сонымен қатар техникалық және жұмысшы мамандықтар бойынша кадр тапшылығы әлі күнге дейін өзекті мәселе болып қалып отыр. Президенттің бастамасымен қолға алынған «Жұмысшы мамандықтар жылы» осы саладағы проблемаларды шешуге бағытталған.

Қазақстанда ресми тіркелмеген, нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың саны өсіп келеді. Бұл еңбек нарығының шынайы көрінісін бұрмалауы мүмкін. Жұмыссыздықты нақты бағалау үшін Үкімет әдіснамалық өзгерістер енгізбек. Бұл өзгерістер елдегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:38

15:33

15:31

14:28

14:05

13:34

12:55

12:49

12:48

12:06

11:59

11:42

11:33

11:15

11:09

10:32

10:28

10:27

10:19

10:12

02:24

17:55

17:40

17:32

17:09