ffin.kz

«Өзіміз отырып шай ішейікші»...

«Өзіміз отырып шай ішейікші»... Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

«Өзіміз отырып шай ішейікші» десеңіздер достарыңыз бен жақындарыңызды алып «Шай ішейік» фестивалінен дәм татып қайтыңыз. Абай атындағы ҚазҰОБТ жанындағы саябақта «Шай ішейік» дейтін тағам фестивалі (Shai isheik Food Fest) өтіп жатыр деп хабарлайды almaty-akshamy.kz. 



Әдетте қонақтарды аттандырып немесе бір үлкен жұмысты тындырған кезде қазекем «Енді өзіміз отырып бір шай ішейікші» деп жатпаушы ма еді. Соған ұқсас қала күніне орай өтіп жатқан шаралардың сіргежияр қорытындысы да осы Shai isheik шарасы. 


Гастрономиялық тағамдар фестивалінің бағадарламасы жай ғана тағамдарға арналмаған. Тағам даярлауға қатысты шеберлік сабақтары, фуд-корт, ашық аспан астындағы кинотеатр, мерекелік дастархан, ойын-сауық бағадарламаларын да өз ішіне қамтиды. Қызықты фестивальдің кішкентай қонақтарына даярлаған «Қожанасыр құпиясы» секілді интерактивті спектакльдері де бар. 


Тағам фестивалінің ең негізгі имидждің өнімі ретінде ұлттық тағам – бауырсақ таңдалған. Шағын сая бақта 2000 дана бауырсақ пісіріліп тратылмақ. Әр қонақ үшін бір кесе ыстық шайы да дайын. Қала тойының шашуынан жақын маңдағы қала тұрғындары ауыз тиіп те жатыр. 


«Фестиваль форматы қала ортасындағы белгілі бір орынға байланбай, жыл бойы өткізуге болатын икемді жоба деуге болады. Яғни, көшпелі фетиваль жобасы алдағы уақытта Алматыдан өзге де қалаларға өткізуге болады. Концерттік бағдарламамыздың мазмұнын әр алуан етуге тырыстық. Жаңа эстрада бағыттарынан тартып, этно-фольклорлық ансамбльдер де тартылды. Ал, кешкі ашық аспан кинотеатрында отандық, қазақи фильмдерді көрсетуді жоспарлап отырмыз», – дейді шараны ұйымдастырушы Аружан Мұрат. 


Ұйымдастырушылардың пікірінше, шараның бизнес ортаны дамытуға да өзіндік ықпалы бар деп санайды. Былайша айтқанда өнім мен қызмет өтеу сапасын жоғарлатуға ықпал етеді. 


Фетиваль қала тұрғындары мен қонақтарына ұнаған секілді. Отбасымен бірге Алматыда саяхаттап жүрген тяньцзиньдік Уаң Луын шара алаңынан ризашылықпен шығып барады екен. Сөзге тартып едік шаһардың дәмі мен адамдарына дән риза екенін айтып кетті. «Тағамдарыңыз өте дәмді екен, түрі өте көп, елде көп ұлт бар болғаннан солай шығар. Бір-біріне ұқсамайтын түрлі дәмді татып көрдік. Керемет! Қала күні құтты болсын!» – дейді Уаң Лун. 


Тағы қайталай кетейік, «Шай ішейік» қала күніне орай өтіп жатқан шаралардың қорытындысы ретінде 23-24 қыркүйек күндері өтіп жатыр. Жексенбі кешкі 8-ге дейін қонақтарға қызмет көрсетпек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32

12:13

11:56

11:52

11:40

11:29

11:11

11:05

10:49

10:47

10:36

10:16

10:08

09:54

09:17

09:03

08:49

08:05

19:58