Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Өзбекстан халқының саны 2030 жылға қарай 40 млн-ға...

Өзбекстан халқының саны 2030 жылға қарай 40 млн-ға жетеді

Әлем 09.11.2023, 03:15 998
Өзбекстан халқының саны 2030 жылға қарай 40 млн-ға жетеді
Сурет: ашық дерекөз

Болжам бойынша Өзбекстан халқының саны 2030 жылға қарай 40 млн-ға жетеді. Бұл туралы Өзбекстан Олий Мәжілісі мен Сенаты және БҰҰ агенттіктерінің қолдауымен ұйымдастырылған «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына қолдау көрсету» атты семинар барысында мәлім болды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Kazinform -ге сілтеме жасап.


Өзбекстан Республикасы Сенаты баспасөз қызметінің хабарлауынша, семинар осы елде БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары айлығының аясында ұйымдастырылды.


Іс-шараға шетелдік сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, парламент депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.


Семинарда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Сондай-ақ астық көлемінің кемуі, күн өткен сайын қиындап бара жатқан су тапшылығы, жердің құнарсыздануы, сондай-ақ тұрғындар санының арту мәселелері талқыланды.


«Өзбекстан үшін тәуекелдердің бірі тұрғындар санының күрт өсуімен байланысты болып отыр. Кейінгі 30 жылда мұндағы халық саны 15 млн адамға артып, бүгінде 36 миллионнан асқан. Болжам бойынша 2030 жылға қарай Өзбекстан тұрғындарының саны 40 млн адамға жетеді»,-деп хабарлайды ӨР Сенатының баспасөз қызметі.


Сондай-ақ жиында климаттың өзгеруі салдарынан және өзге де себептер бойынша су ресурстарының сарқылуы су ресурстарын басқаруда белсенді әрекет ету, су үнемдейтін технологияларды енгііп, қосымша су көздерін қарастыруды қажет етіп отырғандығы айтылды.


Ал жердің құнарсыздануы мен шөлейттенуі ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуы мен экологиялық тұрақтылыққа кер әсер етіп отыр.


Айтылғандарға қоса баяндама жасаушылар Өзбекстанның кейінгі жылдары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жетістікке жеткен 10 елдің арасында алдыңғы қатарды тұрғанын атап өтті. Мұндай жетістік бақша өнімдері, картоп, көкөністер, жүзім, жемістер егістігі көлемінің ұлғайтылуымен және мал шаруашылығының дамуымен байланысты мүмкін болып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбекстан #халық #санақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

№2 мектепте Халықаралық әйелдер күніне арналған әсерлі мерекелік кеш ұйымдастырылды

Бүгін 12:53

Мемлекеттік еңбек инспекциясы кәсіпорындардың 284 млн теңгеге жуық берешегін анықтады

Бүгін 12:42

Алғыс айту күні: Алматыда зағип жандарға тегін көз тексерісі ұйымдастырылды

Бүгін 12:23

Жыр алыбына тағзым: Жамбыл рухы жаңғырған кеш

Бүгін 12:08

Алматыда Еріктілер жылы – 2026 салтанатты түрде ашылды

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі