Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Өз немересінен зорлық-зомбылық көрген зейнеткерлер...

Өз немересінен зорлық-зомбылық көрген зейнеткерлерді Алматы полициясы қорғады

Оқиға 11.06.2021, 15:25 2,154
Өз немересінен зорлық-зомбылық көрген зейнеткерлерді Алматы полициясы қорғады
Сурет: Policia.kz

Егде жастағы тұрғындар көмек сұрап Наурызбай ауданының учаскелік инспекторларына жүгінді.


Өз немересінен зорлық-зомбылық көрген зейнеткерлерді Алматы полициясы қорғады, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz. cайтына сілтеме жасап.


Әжесінің айтуынша, олар өз немересінен зорлық-зомбылық көреді.



«Біздің бөлімнің қызметкерлері зейнеткерлердің тұрғылықты жеріне барды. Үйде олармен бірге ұл немересі де тұрады. Ал қыз немересі бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әйелдің өзінің туыстарына: әжесіне, атасына және өгей ағасына жүйелі түрде қол көтеретіні анықталды. Өтініш берушінің айтуынша, әйел 77 жастағы атасының зейнетақысын тартып алады, ол бұрын анасының ата-анасына қарсы қол көтерген. Сонымен қатар әжесі жанжал кезінде немересі оларды көшеге қуып жіберетіндігін, үйде төбелес шығаратындығын, үй заттарын сындыратындығын, өгей бауырын түрмеге жабамын деп қорқытатындығын айтты», – дейді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.


«Өз анасын ұрады. Ол бұл жерден кетуге мәжбүр болды, оның жүрегі ауырады, шыдай алмайды. Ол бәрін сындырды, өте ызақор. Атасын бірнеше рет ұрды. Ол мұның бәрін кейінірек өзі иемденіп қалу үшін бізді құртқысы келетін шығар», – деді зейнеткер.


Үйдегі жанжалдарды көршілер де растайды.


«Күн сайын жанжал. Шынымды айтсам, бұл сондай жағымсыз. Араша түсуге тырыстық, бірақ бұл бөтен отбасы, не дей аласың», – дейді зейнеткерлердің көршісі.



Учаскелік полицейлер хабарлағандай, әйел адаммен бірнеше рет профилактикалық әңгіме өткізілген.



«Осы факт бойынша біз зейнеткерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі туралы қорғаныс бұйрығын шығардық. Бұл отбасы бақылауға алынды және біз осы үйдегі жағдайды және құқық бұзушының мінез-құлқын бақылап отырамыз. Егер осы іс-әрекет қайталанса, тиісті шаралар қолданылады», – деді Наурызбай аудандық ПБ-ның учаскелік инспекторы Ғалым Жарылқасынұлы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Казахстан #карантин #меры #ослабление #Алматы #полиция #зейнеткер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика