AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Өз аяғыңмен жүріп-тұрған деген бақыт қой...

Өз аяғыңмен жүріп-тұрған деген бақыт қой...

Медицина 24.10.2023, 08:27 1,332 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Өз аяғыңмен жүріп-тұрған деген бақыт қой...
almaty-akshamy.kz

Жетінші аурухана дәрігерлері мүгедек арбаға таңылған зейнеткерді аяққа тұрғызды


64 жастағы Ұйымхан Қалибек бес жылдан бері ревматоидты полиартритпен ауырады. Өзінің айтуынша, консервативті ем-дом ешқандай нәтиже бермеген. Салдарынан соңғы үш жылда аяқтан қалып, мүгедек арбаға таңылған науқасқа «Жүйелі остеопороз, 3-4-деңгейлі гонартроз» деген диагнозбен хирургиялық ота жасау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.


Қытайда туып-өскен зейнеткер осыдан бірнеше жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысына көшіп келген. Қазақстан мен ҚХР-ның бірқатар клиникаларына қаралыпты. Бірі ауқымды әрі күрделі отаны жасаудан бас тартса, енді бірі қомақты қаражат сұраған. Науқас жетінші аурухананың ортохирургия бөлімшесіне жоспарлы түрде жатқызылды. Оған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен тегін ота жасалды.



«Ревмотоидты полиартрит пен асқынған остеопороз салдарынан сүйектің морт сыну қаупі жоғары болды. Соған қарамастан біз тәуекелге бел буып, күрделі операция жасадық. Тізе буынына артқы тұрақтандырғышы бар эндопротез орнаттық. Операция жоспарға сай сәтті өтті. Пациент ертеңіне аяққа тұрды», - дейді аурухананың ортопед-дәрігері Ерлан Амиров.



Айтуынша, отадан кейін үш жыл бойы қозғалыссыз қалған аяқты бүгу, қимылдату біршама қиындық тудырған. Ортохирургия бөлімшесінде жүргізілген ерте оңалту шарасының арқасында операция нәтижесі нығайтылып, пациент аяққа тұрды. Арбамен жеткізілген ол аурухана есігінен өз аяғымен шығып кетті, дейді маман.


Ұйымхан апаның үзілген үмітін жалғаған клиникаға айтар алғысы шексіз. 




«Әйелімнің 3 жылдан бері жүре алмай, мүгедек арбаға таңылғаны жаныма бататын. Қалқамандағы №7 аурухана қызметкерлерінің арқасында ота сәтті шықты. Үш-ақ күннен кейін жанын жеген ауруынан арылып, қайтадан аяққа тұрды. Өз аяғыңмен жүріп-тұрған деген бақыт қой. Сондай қуаныш сыйлаған дәрігерлерге көп рақмет!», - дейді пациенттің жұбайы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #зейнеткер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Сарбаз болғым келеді»

Бүгін 16:49

Президент елімізге әлемнің әр түкпірінен білікті мамандар шақыру және инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті

Бүгін 16:35

Мемлекет басшысы Үкіметке «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын мұқият пысықтауды тапсырды

Бүгін 16:16

Алматыда Алматы студенттік лигасының маусымы қорытындыланды

Бүгін 16:10

Тоқаев экономиканы цифрландыру тиімділігін арттыру үшін өлшемді көрсеткіштер қажет екенін еске салды

Бүгін 16:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);