Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отшашудан жарақат алсаңыз не істеу керек?

Отшашудан жарақат алсаңыз не істеу керек?

Әлеумет 20.12.2023, 07:36 1,307
Отшашудан жарақат алсаңыз не істеу керек?
Almaty-akshamy.kz

Алматылық дәрігер пиротехникалық бұйымдардан жарақат алған жағдайда қандай алғашқы көмек көрсету керектігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы қаласы ӨКҚ брифингінде сөз сөйлеген Орталық қалалық клиникалық аурухананың травматологы Осман Кадыров кез-келген пиротехникалық бұйымның өрт шығу немесе жарақат алу қаупі бар екенін атап өтті. Дәрігер пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде жарақат алған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша ұсыныстарымен бөлісті.



«Петарда, отшашулар мен шағын зымырандар әдемі бірақ қауіпті көрініс. Кез-келген пиротехникалық бұйымнан өрт шығу немесе жарақат алу мүмкіндігі бар. Осындай жарақат түріне шалдыққан науқастарға көмек көрсету тәжірибесіне сүйене отырып, азаматтарымызға ескертіп, біраз ұсыныстар айтқым келеді», – деді О. Кадыров.


Жазатайым оқиға орын алғанда, дәрігер келгенге дейін келесі әрекеттерді орындау керек:


- көзге бөгде бөлшектер түссе (егер оқиға үйде болса), көздің шырышты қабығын бөлме температурасындағы қайнаған сумен көп мөлшерде шайып, көзге таңғыш қою керек;


- егер жазатайым оқиға далада орын алса, қолда бар құралдарды (орамал, шүберек) қолданып, көзге тағу жеткілікті. Олар болмаса, қалпақты көзіңізге тартуға немесе қолмен жабуға болады.


- шұғыл медициналық көмекке жүгіну.


 Теріге жарылыс бөлшектерінің түсуімен термиялық күйік болған жағдайда:


- егер жазатайым оқиға үйде болса, теріні ағынды сумен шаю және құрғақ асептикалық таңғышты қолдану қажет. Егер жазатайым оқиға далада орын алса қолда бар материалдарды пайдаланып таңу керек (таза орамал не шүберек);


- майлы таңғыштарды қолдану, теріні арақпен, одеколонмен, ұнтақтар себу және мақта қолдану ұсынылмайды;


- жақын жердегі травматология орталығына жүгініп, көмек сұраңыз.


«Тері зақымдануы орын алған жағдайда (егер оқиға үйде болған болса) онда асептикалық таңғышты қолдану қажет. Жазатайым оқиға көшеде орын алса, қолда бар материалдарды (таза орамал, таза шүберек) пайдаланып таңғыш қою керек. Қан кетумен жүретін ашық жаралар болса, таңғыш таңып, жедел жәрдем шақыру керек», - деп кеңес берді дәрігер.


Сондай-ақ спикер Алматы қаласында №4 ҚКА, №7 ҚКА, ҚЖШККА, ОҚКА, БЖМЖО және №2 БҚКА көпсалалы стационарларында травматологиялық пункттердің тәулік бойы жұмыс істейтінін еске салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мереке #Отшашу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика