Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Отбасы банктегі» депозитті сату қызметі тоқтатыла...

«Отбасы банктегі» депозитті сату қызметі тоқтатылады

Әлеумет 11.08.2023, 05:40 783
«Отбасы банктегі» депозитті сату қызметі тоқтатылады
Сурет: Отбасы банк

Отбасы банкіндегі депозитті енді тек туыстарға ғана табыстауға болады. 21 тамыздан бастап «Отбасы банктегі» депозитті сату қызметі тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпарат сілтеме жасап.


«21 тамыздан бастап Отбасы банкінде депозитті ақылы түрде табыстау (депозитті сату) қызметі тоқтатылады. Онлайн табыстау – депозиттердің онлайн дүкені іспеттес. Онда клиенттердің бірі салымдарын сата алса, екіншілері жинақтау жолын жылдамдатып, заемды тезірек алу үшін Отбасы банкінен шот сатып ала алады. Былтырдың бірінші жартысында бұл мүмкіндікті 1 647 адам пайдаланған. Биылдың дәл осы кезеңінде депозиттерді сатып алып, заем рәсімдеген бірегей клиенттердің саны екі есе азайып, 973 адам болды. Ал бірінші жартыжылдықта Отбасы банк 28 800 кредит берген», - делінген аталған банк мәліметінде.


Банк ақпаратына қарағанда, тек биылғы жылдың басынан бері 273 465 қазақстандық жаңа жинақ шотын ашты.


«Отбасы банкінде депозиттерді туыстарға табыстау қызметі сақталады. Оны тек банк бөлімшелерінде ғана емес, «Otbasy bank» мобильді қосымшасында онлайн режимінде де жасауға болады. Қызмет 5-10 минут уақытты алады», - деп нақтылады банк.


Бұл қызметті туыстардың келесі санаттары пайдалана алады: әйелі-күйеуі, ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынған балалар, бір ата-анадан немесе әртүрлі ата-анадан туған аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері және басқа да жақын туыстары.


Атап айтқанда, банк бөлімшесіне барып, туыстық қатынасы жоқ, бірақ ортақ туыстары бар адамдар арасында депозиттерді табыстауға болады. Мысалы, салымшы бір мәміле аясында жарының ағасына өз депозитін табыстай алады. Ол үшін неке және туыстық қатынасты растайтын құжаттар (туу туралы куәліктер) қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отбасы банк #Туыстарға табыстау #Сату қызметі тоқтайды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинау акциясы өтті

Бүгін 14:44

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізіліп келеді

Бүгін 14:18

Алматыда Қарулы күштердің жөндеу мамандарының алғашқы легі оқуын аяқтады

Бүгін 14:15

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

Бүгін 13:40

Алматыда «Әскер барысы - 2026» турнирі өтіп, жеңімпаздар анықталды

Бүгін 13:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика