Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Отандық кинокартина Еуропаны бағындыруда

Отандық кинокартина Еуропаны бағындыруда

Не? Қайда? Қашан? 30.07.2021, 09:18 2,104
Отандық кинокартина Еуропаны бағындыруда
Сурет: Еlorda.info

Қазақ киносында ілгерілеу бар


«Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше, «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Францияда прокатқа шығуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Отандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтің жапондық әріптесі Лиза Такэбамен бірлесіп түсірген «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Францияда прокатқа шықты. Кинотуындының продюсері Юлия Кимнің айтуынша, Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген картина бүгіннен бастап Францияның 21 қаласында көрсетіледі. Айта кетсек, осыған байланысты бүгін Париждегі Espace Saint Michel кинотеатрында санитарлық талаптарға сәйкес фильмнің арнайы көрсетілімі өтеді.



«Осы бір жарым жыл ішінде қаншама төгілген тер, атқарылған жұмыс жатыр. Пандемияға байланысты Франциядағы тұсаукесер үш мәрте кейінге шегерілді. Дегенмен, қиындықтарға қарамастан, үмітіміз үзілмеді. Фильмнің түсіру тобы мен актерлерімізді осы қуанышпен құттықтаймын», - деп жазды продюсер өзінің Facebook-тегі парақшасында.



Айта кетерлігі, өндірісіне «Қазақфильм» және жапондық Tokyo New Cinema компаниясы атсалысқан фильмде тыныш өмірінің шырқын бұзып, барымташылар отағасын аяусыз өлтірген отбасы туралы баяндалады. Марқұмның Олжас есімді 12 жасар баласы барымташылардың қолынан мерт болған әкесінің өліміне қайғырып, зұлымдықпен күресіп, отбасыларына түскен ауыртпалықты қарындастарымен бірге кешеді. Қорғансыз қалған Олжастың отбасына ғайыптан пайда болған бөгде біреу қол ұшын созады.



Аталған фильмде басты рөлдерді Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова, танымал қазақстандық актер Дулыға Ақмолда және жапондық актер Мирай Морияма сомдайды. Әкесін жоғалтқан баланың рөлін Мәди Минайдаров есімді жас актер ойнайды.



«Жапондықтармен бірге түсірген фильм әлем кинематографының отанында көрсетілетініне қуанып та, қобалжып та отырмын. Менің шығармашылығымда бұл алғаш рет болып жатқан қуанышты жағдай», - деп ойымен бөлісті фильмнің тең режиссері Ерлан Нұрмұхамбетов.



Сондай-ақ «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі ең алғаш 2019 жылы Азиядағы ең ірі кинофестивальдердің бірі – халықаралық Бусан кинофестивалі шеңберінде көрсетілген болатын. Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген туынды Оңтүстік Кореяның ең үлкен экраны – Busan Cinema Center орталығында аталған фестивальді ашқан еді.


Өткен жылы аталған фильм Токиодағы халықаралық кинофестиваль шеңберінде көрсетіліп, Жапонияда прокатқа шыққан болатын.  


Қазақстанда «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі елімізде сантиарлық-эпидемиялық ахуал жақсарған жағдайда ағымдағы жылдың соңына дейін прокатқа шығады деп жоспарланып отыр.    

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отан #Кино #еуропа #бағындыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика