AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Фоторепортаж / "Отан қамқорлығы зор демеу болды". Қақтығыс аймағы...

"Отан қамқорлығы зор демеу болды". Қақтығыс аймағында қалған қазақстандықтар елге жеткізілді

Фоторепортаж 05.03.2026, 15:54 731
"Отан қамқорлығы зор демеу болды". Қақтығыс аймағында қалған қазақстандықтар елге жеткізілді
Самат Құсайынов

Әскери қақтығыстарға байланысты Таяу-Шығыс елдерінде қалып қойған Қазақстан азаматтарын қауіпсіз эвакуациялау сәтті жүзеге асып жатыр. Алғашқы рейспен 314 отандасымыз Алматыға жетті. Қазақстан аймақ елдерінің арасында алғашқы болып өз азаматтарын елге қауіпсіз жеткізді. Аqshamnews.kz тілшісі әуежайдан фоторепортаж ұсынады.

4 наурызда SCAT әуе компаниясының Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейсі сағат 15:09-да Алматы әуежайына сәтті қонды. Дубайдан эвакуацияланған жолаушыларды тағатсыздана күтіп тұрған туған-туыстары мен жақындары көз жасына ерік берді.

Біріккен Араб Әмірліктерінен елге қайтарылған отандастарымыз Қазақстан Президенті мен Үкіметіне алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша, геосаяси турбуленттілік кезеңінде мемлекет тарапынан жедел шешім қабылданып, қауіпті аймақтағы азаматтар қараусыз қалмаған.

«Отанымыздың қамқорлығы бізге үлкен демеу болды», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Карима Мурафиева. Ол әуежайда тұрып:

Сиреналардың дауысы, жарылыстар, үйге жете аламыз ба деген алаң – барлығы қатты әсер етті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері бізбен байланысқа шыққан сәттен бастап сенім пайда болды. Көптеген өзге ел азаматтары әлі де сол жақта қалып қойғанын көрдік. Қазақстанның өз азаматтарына деген қамқорлығын сезіну – үлкен демеу болды. Дипломаттарымыздың жанашырлығының арқасында Оманға жөнелтілу туралы нұсқауды сабырмен күттік. Осындай сәтте бейбіт өмірдің, туған жердің қадірін түсінеді екенсің. Біз бастан өткерген жағдайды ешбір отандасыма тілемеймін, – деген ақжарма пікірін бөлісті.

Семей қаласының тұрғыны Жанат Төребеков те жұбайы және үш кішкентай баласымен елге оралды.

Біз Дубай қаласына отбасымызбен қыдырып бардық. Бала-шағамызбен. Сол жақтан мемлекеттің осындай көмегінің арқасында келіп отырмыз. Қазақстанымызға алғысымыз шексіз. Осындай жағдайда көмектесіп, тез ұйымдастырылды. Дубайдағы елшілікке рахмет айтамыз. Әрқашан хабарда болып, қолдап отырды, – деді Жанат Төребеков.

Қазір Қазақстан азаматтарын шетелден қайтару жұмыстары мүдделі мемлекеттік органдар мен әуе тасымалдаушылардың үйлестіруімен жалғасып жатыр. Құзырлы құрылымдар қауіпсіздікті басты назарда ұстап, әрбір азаматтың елге аман жетуін қамтамасыз етіп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Алматы Ақшамы» жаңалықтары (@aqsham_news)

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #таяу шығыс #елге оралу #әуежай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақын Мұхтар Шаханов қайтыс болды

Кеше 22:39

«Зулейха» спектакліне 1 жыл: қазақ сахнасындағы ерекше туындының мерекелік көрсетілімі өтеді

Кеше 18:12

"Құнды кадр“. Жетісуда қар барысы видеоға түсіп қалды

Кеше 17:34

Бейжіңдегі марафонда роботтар алғаш рет адамдарды басып озды

Кеше 16:29

Almaty Half Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты

Кеше 15:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика