AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Оспан батыр туралы қолжазба архивке тапсырылды

Оспан батыр туралы қолжазба архивке тапсырылды

Әлеумет 23.09.2022, 10:46 2,424
Оспан батыр туралы қолжазба архивке тапсырылды
Сурет: Almaty.tv

Бұл бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған қолжазба. 


Қыркүйектің 23 күні қазақтың батыры Оспан Исламұлы туралы қолжазба архивке тапсырылғаны туралы белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап. 


Құнды қолжазбаның архивке тапсырылғаны жайында Алматыда өткен конференция барысында белгілі болды. Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде «Қазақтың алтын аңызы – Оспан батыр және Нұрғожай батырдың мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


Оспан батыр Исламұлының ел мен жер үшін жасаған жанқиярлығы, Қытайдың Гомин және коммунистік үкіметімен қан кешіп жүріп ұрыс салған ұлт қаһарманының саяси әрекеті, сондай-ақ, Нұрғожай батырдың ерліктері мен мұрасы конференцияның басты тақырыбы болды. 


Конференциядағы елеулі оқиғалардың бірі Стамбұл қаласынан арнайы келген Нұрғожай батырдың немересі Бахадүр Хаджихан мен Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара Оспан батыр туралы Нұрғожай батырдың түпнұсқа қолжазбасын архив қорына сыйға тартқаны болды. Айта кетейік, қолжазба Нұрғожай батырдың өз қолымен төте жазумен жазылған әрі бұл бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған.  



«Қазақтың ХХ ғасырға таңбасын басқан соңғы батыры, Шығыс Түркістанда халқының егемендігі мен азаттығы жолында күрескен Оспан батыр Исламұлының қазақ тарихында алар орны өте зор. Америкалық тарихшы Линда Бенсон «Қазақтың алтын аңызы» деп атаған Оспан Батыр бүкіл Алтай жерін және Шығыс Түркістандағы қазақтарды езіп жаншып тұрған Қытай губернаторы Шың Шы Сайдан азат етуге күш салған. Осы тұста айта кетейік, күрескер тұлғаның өмір жолын жаңа, тың қырларынан танытатын Оспан батырдың алғашқы сегіз комиссарларының бірі Нұрғожай батырдың естеліктері үлкен тарихи маңызға ие. Өйткені Нұрғожай батыр Оспан батырдың жанында болған. Сондықтан осы екі алып тұлғаны бірге насихаттауды мақсат еткен болашақ ұрпақты рухани тұрғыдан бай, елжанды етіп қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз», - дейді Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева.




Айта кетейік, аталған тарихи құжат архив қызметкерлерінің Түркияға іссапары барысында «Архив – 2025» кешенді бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдардың көшірмелерін, түпнұсқаларын анықтау барысында жүзеге асырылып отыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оспан батыр #қолжазба #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Зулейха» спектакліне 1 жыл: қазақ сахнасындағы ерекше туындының мерекелік көрсетілімі өтеді

Бүгін 18:12

"Құнды кадр“. Жетісуда қар барысы видеоға түсіп қалды

Бүгін 17:34

Бейжіңдегі марафонда роботтар алғаш рет адамдарды басып озды

Бүгін 16:29

Almaty Half Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты

Бүгін 15:10

Санаулы күнде виза алу: инвесторлар мен бизнес өкілдерінің Қазақстанға келуі жеңілдей түсті

Бүгін 14:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика