AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Оқиға 26.03.2026, 17:13 569
Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Өскеменде 16 жастағы қыз ауыр пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Дәрігердің айтуынша, жасөспірімнің іші мен сол қолына пышақ сұғылған, ал күдікті ретінде оның 22 жастағы жігіті ұсталған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өскемен қаласында 16 жастағы қыз ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы хирург Қуаныш Жүнісов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Дәрігердің айтуынша, оған таңғы сағат 06:00 шамасында кезекші бөлімнен шұғыл хабарлама түскен. Онда кәмелетке толмаған қыздың өте ауыр жағдайда жеткізіліп жатқаны айтылған.

Хирургтің мәліметінше, жасөспірімнің іші мен сол қолына пышақ жарақаты түскен. Сондай-ақ пышақ жарасы омыртқаға дейін жеткені белгілі болды.

Оқиғаға байланысты редакция Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен ресми түсініктеме сұраған. Ведомствоның баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын және бұл жағдай 7 ақпанда болғанын мәлімдеді.

Кейін полиция 16 жастағы қызды пышақтады деген күдікпен оның 22 жастағы жігіті ұсталғанын растады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Еске салайық, бұған дейін, 11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды өзіне ғашық болған жігіт аңдып жүріп пышақтап кеткен еді. Салдарынан бойжеткен оқиға орнында көз жұмған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер мұрасы заманауи көзқараспен қайта жаңғырды

Кеше 18:15

«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады

Кеше 17:30

Алматыда қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Кеше 16:55

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

Кеше 16:45

Аңызға айналған «Ақиқат» журналына – 105 жыл

Кеше 16:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);