AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / ОСК кандидаттардың әлеуметтік желілердегі үндеуіне...

ОСК кандидаттардың әлеуметтік желілердегі үндеуіне қатысты пікір білдірді

Сайлау-2023 17.03.2023, 17:15 918
ОСК кандидаттардың әлеуметтік желілердегі үндеуіне қатысты пікір білдірді
Сурет: Аikyn.kz

Сайлау 2023 жылдың 19 наурызында өтеді.


Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров жекелеген кандидаттардың өз мүддесін көздеуі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



"Әлеуметтік желіде бірқатар кандидаттар өз жақтастарына "сайлаушылар тізімінде тұрған жеріңізден есептен шығару куәлігін алып, басқа округте есептен шығару куәлігімен маған келіп дауыс беріңіз" деп үндеу жасап жатыр. Жалпы, бұл мүмкін емес екенін айтқым келеді. "Сайлау туралы" Заңның 41-бабы 6-тармағының 1-ескертуінде басқа сайлау округі бойынша дауыс беруге ниет білдіргендерге есептен шығару куәлігі берілмейтіні арнайы көрсетілген. Яғни, тіркелген және сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлау округі бойынша ғана дауыс бере аласыз. Егер сіз (есептен шығару куәлігі – еск.) алсаңыз да, салыстырмалы түрде айтқанда, Түркістан облысында осы куәлік жарамды болатын сайлау округі шеңберінде дауыс бере аласыз. Басқа облысқа барып, онымен дауыс бере алмайсың", - деді Петров.



Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров өз кезегінде осы сенбі, 18 наурызда сағат 18:00-де қазақстандық сайлаушыларға есептен шығару куәлігін алу мерзімі аяқталатынын еске салды.


ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызында өтеді. Мәжіліс сайлауымен бірге барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #желі #кандидат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);