AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / ОРТ: Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселес...

ОРТ: Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселесі талқыланды

АЭС: Референдум 18.09.2024, 12:52 885 Bakyt
ОРТ: Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселесі талқыланды
aes2024.kz

6 қазанда өтетін республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу бойынша 2024 жылғы 16 қыркүйекте ҚР Орталық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл отырыста келесі мәселелер талқыланды:

  1. Мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету;
  2. Жергілікті атқарушы органдардың дауыс беру учаскелерін материалдық-техникалық жарақтандыруы, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін ұсыну жөніндегі жұмыстары;
  3. Референдум кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындау;
  4. Референдумда дауыс беру тәртібі;
  5. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу.

Отырысқа ОРК мүшелері, Сыртқы істер министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ішкі істер министрлігі өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық референдум комиссияларының мүшелері және әкімдіктердің өкілдері бейнеконференция арқылы қосылды.

Отырыстың алғашқы мәселесі бойынша ОРК мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасап, мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау құқықтарын қамтамасыз ету комиссия қызметінің басымдығы екенін атап өтті. Ол референдумға арналған учаскелерде мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау бойынша қажетті шаралар қабылданғанын жеткізді.

Отырыстың келесі мәселелерінде референдум учаскелерін дайындау, учаскелік комиссиялардың мүшелерін оқыту және азаматтардың дауыс беру тізімін қалыптастыру сияқты маңызды мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, дауыс беру кезінде бюллетеньдерді дұрыс толтыру және байқаушылардың қатысу тәртібі түсіндірілді.

Қорытындысында, халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселесі талқыланды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушыларының миссиясы және бірнеше шет мемлекеттердің байқаушылары аккредитациядан өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ОРК #референдум #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);