Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «ӨРНЕК» – ЕРЕКШЕ ӘЛЕМ

«ӨРНЕК» – ЕРЕКШЕ ӘЛЕМ

Барлығы 04.07.2025, 11:57 1,012
«ӨРНЕК» –  ЕРЕКШЕ ӘЛЕМ
Сурет: автор

Жасөспірімдер тәрбиесі – қоғамда кең талқыға түсетін тақырыптардың бірі. Әсіресе, баланың тұлға ретінде қалыптасуында айналасындағылардан келетін көмектің орны ерекше. Өмірден өз орнын іздеген жасөспірімнің жаман жолға түспей, дұрыс таңдау жасауы – өте маңызды. Алматы қаласы Оқушылар сарайының қала сыртындағы «Өрнек» лагері де осы бағытта жұмыс істейді. Содан да болар, «Өрнек» лагерінде балалардың жарқын жазғы демалысы ерекше естелікке айналуда. 

Қалалық Білім басқармасына қарасты Оқушылар сарайының «Өрнек» лагеріндегі жаз қызығы ерекше қыза түскен. Жазғы демалыстың оқушылар үшін орны тіпті бөлек. Әу бастан-ақ жазғы демалыс басқа демалыстарға қарағанда ұзақ әрі қызықты болып келеді. Сондықтан болар, балалар да осынау кезеңді тағатсыздана тосады. Әрі бұл мезгілде тоғыз ай бойы  тынымсыз оқып, білім  алған баланың ағзасы тынығып,  демалуды  қажет етеді.

 Осыған орай, тоқсан сайын мектеп оқушыларына үзіліс жасалып отырса да, соның ең ұзағы – жазғы демалыс. Жалпы, жазғы демалыс балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті әрекетінен босап, өз қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Оның үстіне, жаз мезгілі мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана-сезімі жағынан, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Олардың өміріндегі ең ұмытылмас естеліктер де осы жазғы демалыс лагерінен бастау алады. Сондықтан балалар үшін жазғы демалыстың әрбір күні қымбат.

     Қаламыздағы «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілері сондай-ақ Оқушылар сарайының білім беру бірлестіктерінде жыл бойы білім алып жүрген әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар биыл да жазғы демалыстарын «Өрнек» демалыс лагерінде өткізіп жатыр. Балаларға мұндағы «Робототехника», Астрономия, VR және AR, Lego, EMC, «Ғылым әлеміне экспедиция» саяхат, «Ньютон зертханасы» (Физика), «Ғарыш миссиясы» (Астрономия), «ЭлектроикLAB» (Электр) шеберлік сабақтары, қызықты жарыстар мен ойын бағдарламалары, спорттық ойындар ерекше ұнайды. Әрине, балалар таңғы ас пен түскі және кешкі асты сүйсіне жейді. «Өрнектегі» жаз әр баланың есінде жағымды жаңалығымен қалары сөзсіз.

    Балаларға Нейротехнология, Журналистика, АЭРО, IT педагогтары сабақ жүргізеді. Мұнда міндетті түрде «Нептун күні» атап өтіледі. Бұл мерекенің мақсаты – балаларға су тіршілік көзі екенін үйретіп, сумен ойнайтын ойын ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл-қозғалысын, шапшаңдығын шыңдау, оларды достық пен ұйымшылдық қағидаттарына адалдыққа  тәрбиелеу.

Әр ауысымда балалар тек демалып қана қоймай, шығармашылық пен білімге толы саяхаттарға аттанады. Олар түрлі спорттық ойындарға қатысып, қолөнермен айналысады, ғылыми жаңалықтармен танысып, түрлі байқаулар мен шеберлік сағаттарында өз қабілеттерін шыңдайды.

«Өрнек» лагері – балалар үшін жаңа дағдылар мен жаңа достар табатын орта десек, артық айтқандық емес. Мұнда әр күн таңғажайып оқиғаларға толы: бірде балалар телескоппен Күнді бақылайды, келесі күні анимация кейіпкерлерін жасап, дрон ұшырып, ғылым әлеміне саяхат жасайды. Шахмат ойнауды, оригами жасауды, тіпті сұхбат жүргізуді де үйренеді.

Шынайы достық орнаған ортада балалардың күлкісі мен белсенділігі лагерь аумағын шаттыққа бөлейді, өйткені мұнда тәрбиешілер өте жоғары дәрежеде жұмыс істейді. Ауысым соңындағы ең әсерлі сәттердің бірі – қоштасу алауын жағу рәсімі. Бұл кеште әр топ қоштасу сәтіне арналған өнерлерін көрсетіп, шынайы достық шеңберін құрып, ән шырқайды.

«Өрнекте» өткен әрбір күн – балалардың жүрегінде мәңгі сақталатын ортақ естелік, қуаныш пен табыстың символы. Жаз әлі жалғасып жатыр, алда лагерь демалушыларын әлі талай қызықты оқиғалар мен қуанышты сәттер күтіп тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өрнек #лагерь #балалар #Жазғы демалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика