Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Орда Аймақ" ипотекалық бағдарламасы іске қосылады

"Орда Аймақ" ипотекалық бағдарламасы іске қосылады

Әлеумет 02.04.2025, 12:30 874
"Орда Аймақ" ипотекалық бағдарламасы іске қосылады
aikyn.kz

Қазақстан тұрғын үй компаниясы үлескердің инвестицияларына кепілдік береді.

Қазақстанда аймақтарға арналған жаңа "Орда Аймақ" ипотекалық бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қазақстан тұрғын үй компаниясына сілтеме жасап.

Қазақстан тұрғын үй компаниясы биыл 7 сәуірден бастап ипотекалық несиелендірудің "Орда Аймақ" бағдарламасын іске қосады. Компания кепілдігімен құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға болады. Яғни үлескердің инвестицияларына компания кепілдік береді. Құрылыс аяқталмаған немесе құрылыс компаниясы банкрот болған жағдайда, Қазақстан тұрғын үй компаниясы баспананың салынып бітуіне кепіл болады.

"Өтінімдер "Отбасы Банкі" уәкілетті агенттері арқылы қабылданады. 21 жастан асқан Қазақстанның кез келген азаматы қарыз алушы бола алады. "Орда Аймақ" бағдарламасында "Отбасы Банкте" депозиттің болуы, қарыз алушыға қойылатын талап пен тұрғын үйдің болуы туралы шектеу қолданылмайды", - дейді компания.

Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:
15,9 % мөлшерінде белгіленген сыйақы;
жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 17,26 %-тен 22,81 %-ке дейін.

Икемді шарттар:
бастапқы жарна 20% бастап;
қарыз сомасы 1 млн теңгеден 75 млн теңгеге дейін;
қарыз мерзімі 12 айдан 240 айға дейін.

Салынып жатқан тұрғын үйдің бағасы дайын тұрғын үйге қарағанда төмен. Жаңа құрылыс объектілерінің сипаттамасымен сондай-ақ сату бөлімшелері мен консультанттардың байланыстарымен ҚТК тұрғын үй порталында танысуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тұрғын үй #Отбасы банк #ипотека
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика