Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Оразадан кейінгі тамақтану: мамандар қандай кеңес...

Оразадан кейінгі тамақтану: мамандар қандай кеңес береді?

Керек кеңес Бүгін 12:16 92
Оразадан кейінгі тамақтану: мамандар қандай кеңес береді?
Сурет: Aqshamnews.kz, коллаж

Оразаның аяқталуына санаулы күн қалды. Бір ай бойы сәресінен ішкеннен кейін кеш батқанға дейін ауыз бекіткен жандар енді қайтадан қалыпты тамақтану режиміне көшеді. Алайда, ұзақ уақыт бойы күндізгі уақытта тамақтанбаған ағза үшін бұл кезең өте маңызды.

Aqshamnews.kz тілшісі маманнан кеңес сұрап, оразадан кейін тамақтану режиміне қалай дұрыс көшу керектігін анықтап көрді.

Мамандардың айтуынша, Рамазаннан кейін бірден ауыр әрі майлы тағамдарға көшу асқазан-ішек жолдарына салмақ түсіріп, түрлі жайсыздықтарға себеп болуы мүмкін. Сондықтан оразадан кейінгі кезеңде тамақтану тәртібін біртіндеп қалыпқа келтірген дұрыс.

Профессор, медицина ғылымдарының докторы Ақмарал Мұхамбетжанқызының айтуынша, оразадан кейін ағза тамақтануға "жұмсақ" бейімделуді қажет етеді. Бұл уақытта асқазан-ішек жолдары, жүрек-қантамыр жүйесі, орталық жүйке жүйесі мен иммунитетте белгілі бір өзгерістер болады.

«Оразадан кейін ағза жаңарып, асқазан-ішек жолдарында, жүрек-қантамыр жүйесінде және иммунитет көрсеткіштерінде елеулі өзгерістер байқалады. Егер осы пайдалы әсердің ұзақ сақталғанын қаласаңыз, тамақтануға қатысты бірнеше маңызды қағиданы ұстану қажет», – дейді маман.

Тамақтануды алдын ала жоспарлау керек

Маман ораза аяқталуына шамамен бір апта қалғанда қандай тағам тұтынатыныңызды жоспарлап алған жөн екенін айтады. Бұл ағзаны жаңа режимге біртіндеп бейімдеуге көмектеседі.

Сонымен қатар, тамақты асықпай, жақсылап шайнап жеу керек. Порция көлемін шамадан тыс үлкейтпеу де маңызды.

Алғашқы күндері жеңіл тағамдар таңдаған жөн

Дәрігерлер оразадан кейінгі алғашқы 1–2 күнде жеңіл тағамдарға басымдық беруге кеңес береді. Мысалы:

  • жеңіл сорпалар;

  • ботқалар;

  • көкөністер;

  • айран мен қышқыл сүт өнімдері;

Ал қуырылған, майлы және ауыр тағамдарды бірден рационға қоспаған дұрыс.

Асқазанға артық салмақ түсірмеу

Рамазан кезінде асқазан шағын порцияларға бейімделеді. Сондықтан бірден көп әрі калориясы жоғары тағам жеу іштің кебуіне, қыжылға және қандағы қант деңгейінің күрт көтерілуіне әкелуі мүмкін.

Артық салмағы бар немесе қан қысымы жоғары адамдарда 2-типті қант диабетіне генетикалық бейімділік болуы ықтимал. Егер ағза инсулинді дұрыс қабылдамаса, глюкоза толық сіңбей, май ретінде жиналуы мүмкін.

Асқазан-ішек жолдарының жұмысына көңіл бөліңіз

Оразадан кейін кейбір адамдарда қабыну процестері немесе қаназдық қаупі артуы мүмкін. Бұл көбіне рационда темір мен ақуыздың жеткіліксіз болуына байланысты.

Сондықтан тамақ рационында ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер мен минералды заттардың теңгерімі сақталуы керек.

Оразадан кейін ағзаны қалпына келтіру үшін

Мамандар мына кеңестерді ұстануға кеңес береді:

  • аз-аздан, бірақ жиі тамақтану;

  • көкөніс, ақуыз және клетчаткаға бай тағамдарды көбейту;

  • күн ішінде жеткілікті мөлшерде су ішу;

  • шөп шайларын пайдалану;

  • қажет болса, денсаулық тексерісінен өтіп, талдау тапсыру.

Есте сақтайтыны, оразадан кейін дұрыс тамақтану режимін сақтау – денсаулықты сақтаудың маңызды кепілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ораза #дұрыс тамақтану
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының қоғам қайраткерлері референдумдағы халықтың шешімін қолдады

Бүгін 13:51

ТүркПА байқаушылары: референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заң бұзушылықтар анықталған жоқ

Бүгін 13:45

Таксист әкім

Бүгін 12:43

Референдум күні Қазақстанда 585 нәресте дүниеге келді

Бүгін 12:23

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қазақстандықтарды құттықтады

Бүгін 12:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика