AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Оралдық әйел телефонына қосымша орнатамын деп 5 ми...

Оралдық әйел телефонына қосымша орнатамын деп 5 миллион теңгесінен қағылды

Оқиға 24.02.2026, 16:31 219 Дина
Оралдық әйел телефонына қосымша орнатамын деп 5 миллион теңгесінен қағылды
depositphotos.com

Оралда алаяқтар әйелді жалған мобильді қосымша орнату арқылы алдап, 5 млн теңгесін иемденген, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, әйелге белгісіз адамдар қоңырау шалып, SMS-кодты айтуын сұраған. Одан кейін алаяқтар қайта хабарласып, өздерін банк қызметкері және Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігінің мамандары ретінде таныстырған.

Олар «қаржыны қорғау» сылтауымен әйелдің атына несие рәсімделіп жатқанын айтып, операцияны тоқтату үшін шұғыл түрде арнайы қосымша орнату керек екенін жеткізген.

«WhatsApp арқылы әйелге бағдарлама орнатуға арналған файл жіберілген. Қосымша жалған болып шығып, алаяқтарға оның телефонына қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік берген. Құрылғыны бақылауға алған соң қаскөйлер 5 млн теңгеге несие рәсімдеп, қаражатты өз мақсаттарына жұмсаған», – делінген хабарламада.

Полиция тұрғындарға сақ болуды ескертті:

  • белгісіз адамдар жіберген сілтемелер арқылы қосымша орнатпаңыз;

  • банктің ресми қосымшаларын тек App Store немесе Google Play арқылы жүктеңіз;

  • мемлекеттік органдар мессенджер арқылы орнатуға арналған файл жібермейді;

  • осындай қоңыраулар түскен жағдайда сөйлесуді бірден тоқтатыңыз.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);