AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі...

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Алматы 15.04.2026, 21:43 841
Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда бес мектеп Халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасын енгізу бойынша пилоттық алаң ретінде белгіленді. Бұл туралы қалалық білім басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоба аясында №201 мектеп негізгі мектепке арналған Middle Years Programme (MYP) бағдарламасы бойынша Халықаралық бакалавриат сарапшыларының верификациялық сапарынан өтті. Сапар 7–8 сәуір аралығында онлайн форматта өтіп, халықаралық білім беру стандарттарын енгізудегі жүйелі жұмыстың нәтижесі болды. Келесі аптада №159 гимназияда да осы бағдарлама аясында ұқсас верификациялық сапар өтеді.

Бағалау барысында мектеп әкімшілігімен, педагогтармен, оқушылармен және ата-аналармен сұхбат жүргізілді. Сарапшылар MYP бағдарламасының оқу процесіне енгізілуін, пәнаралық тәсілдің қолданылуын, сондай-ақ оқушылардың сыни ойлауы мен зерттеу дағдыларының дамуын жоғары бағалады.

Білім басқармасы пилоттық жобаға сонымен қатар №4 мектеп-интернат, №27 және №105 мектептердің де кіргенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда біздің бес мектебіміз Халықаралық бакалавриатты енгізу бойынша пилоттық алаң болып белгіленді. Біздің міндетіміз — халықаралық білім беру стандарттары қаланың мемлекеттік мектептерінде қолжетімді болатын жүйе қалыптастыру», — деді басқарма өкілдері.

Келесі кезең — Халықаралық бакалавриаттың авторизацияланған мектебі мәртебесін алу.

Халықаралық бакалавриат (IB) — бұл сыни ойлауды, зерттеу дағдыларын және жаһандық дүниетанымды дамытуға бағытталған білім беру бағдарламасы. Бұл бағдарлама әлемнің 150-ден астам елінде іске асырылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты

Бүгін 16:05

Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді

Бүгін 15:13

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 14:50

Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды

Бүгін 14:05

Бельгия Королі мен Патшайымы қазақстандық ғылыми әзірлемелермен танысып, Қазақстан Үкіметімен аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін 14:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);