Оқушылар жазғы демалысқа 1 маусым - қыркүйек аралығында шығады - бұйрық бекітілді

Оқушылар жазғы демалысқа 1 маусым - қыркүйек аралығында шығады  - бұйрық бекітілді Сурет: Tengrinews.kz

Мектепте оқу жылы 2 аптаға ұзарды: Министрлік бұйрығы бекітілді


Еліміздің Оқу-ағарту министрлігі орта мектептерде оқу жылын 2 аптаға ұзарту туралы шешімін бекітті, деп хабарлайды Almaty-aksamy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.



«Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында жаңа оқу жылының ұзақтығы бірінші сынып оқушылары үшін - 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптар үшін 36 оқу аптасын құрайтындығы жарияланды», - делінген ведомствоның ақпаратында.



Сонымен оқу жылы ішіндегі демалыс мынадай болады:


- күзгі демалыс – 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны мен 6 қараша аралығы);


- қысқы демалыс – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсаны мен 2023 жылдың 8 қаңтары аралығы);


- көктемгі демалыс – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы аралығы).


1 сыныптарда 7 күн қосымша демалыс қарастырылған (2023 жылдың 6-12 ақпаны аралығы). Ал жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады.


Оқу-ағарту министрінің бұйрығы тіркелу үшін Әділет министрлігіне жолданды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47