AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқулықтардың мазмұнына сараптама жүргізіледі

Оқулықтардың мазмұнына сараптама жүргізіледі

Білім және ғылым 01.12.2023, 12:37 1,671
Оқулықтардың мазмұнына сараптама жүргізіледі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сол үшін электронды платформа әзірленді.


Электронды платформаға сарапшылар мен баспа өкілдері ғана кіре алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


2024 жылы оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жұмыстарын арнайы электронды платформада жүргізуге көшіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы.



"Министрліктің қолдауымен ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында "Білім беру мен ғылымды модернизациялаудың ғылыми негіздері" атты ірі бағдарлама қолға алынды. Ол арқылы білім беру мазмұнын сараптаудың электронды платформасы әзірленді. Бұл сараптама жүргізу кезінде оқу әдебиеттеріне сапалы таңдау жасауға ықпал етеді. Сондай-ақ оқулықтар мен ОӘК сарапшыларының мүмкіндіктерін кеңейтеді", - деді орталық директоры Нәзира Әбдірахманова.



Платформа сараптама жүргізу кезінде обьективті шешімдер қабылдауға, сараптама процесін мониторингілеуді цифрлық сервисте жүзеге асыруға көмектеседі.


Қазіргі таңда электронды платформаның тестік нұсқасы Алматы мен Астана қалаларында таныстырылды.


Айта кетері, электронды платформа жабық. Оған тек сарапшылар, баспа өкілдері мен орталықтың сыртқы сарапшылары кіре алады.


Электронды платформа қолданысқа берілгеннен кейін сараптама процесі толық автоматтандырылады. Бұл сараптама процесін жеңілдетіп, сарапшы назарының тек оқулық мазмұнында болуына мүмкіндік береді, деп атап өтті министрліктегілер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқулық #платформа #Сапа #сараптама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 18:15

Аянат Жұмағали Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін 17:15

Алматыға «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» сертификаты табысталды

Бүгін 16:57

Мерейтойлық Almaty Marathon-ға қатысқан шетелдіктер саны рекордтық көрсеткішті құрады

Бүгін 16:48

Алматы хайуанаттар бағында маралдардың екі төлі дүниеге келді

Бүгін 16:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);