Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / ОҚКА дәрігерлері ұзартылған бізтәрізді өсіндіні ал...

ОҚКА дәрігерлері ұзартылған бізтәрізді өсіндіні алып тастау үшін бірегей әрі күрделі отаны сәтті жүргізді

Медицина 11.10.2024, 16:47 886
ОҚКА дәрігерлері ұзартылған бізтәрізді өсіндіні алып тастау үшін бірегей әрі күрделі отаны сәтті жүргізді
Алматы ОҚКА

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға сирек кездесетін клиникалық жағдай - ішкі ұйқы артериясын қысқан бізтәрізді өсіндінің ұзаруы орын алған науқас түсті.

Науқас 2 жыл бойы тамағындағы бөтен дене сезімі, жұтынудағы  қиындық, салмақ жоғалту, бас айналу және есін жоғалту орын алғанын айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Профессор Серік Тұрсынбаев пен тамырлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рахман Сапарбаевтың жетекшілігімен дәрігерлер тобы өсіндіні алып тастау үшін күрделі ота жасады.

Хирургиялық араласу күрделі болды, өйткені ұзарған өсінді өмірлік маңызды тамырларға, соның ішінде миды қанмен қамтамасыз ететін ішкі ұйқы артериясына жақын болды. Кез келген қателік өмірге қауіп төндіретін салдарға әкелуі мүмкін еді.

Оның үстіне ұйқы артериясын қайта қарау және өсіндіні алып тастау бір уақытта жүргізілуі керек еді, бұл ерекше дәлдік пен жоғары шеберлікті қажет етті. Хирургтардың кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында ота сәтті өтті.

Егер араласу уақытында жасалмаса, науқас инсультке шалдығуы мүмкін еді. Хирург, анестезиолог және медбикелер тобының үйлесімді жұмысының арқасында барлық тәуекел азайтылып, науқас асқынудан аман қалды.

Емделуші дәрігерлерге ризашылығын білдірді: "Диагностиканы уақтылы жүргізген және жедел араласу үшін ауруханаға жатқызуды ұсынған профессор Тұрсынбаев Серік Ерішұлына ерекше ризашылығымды білдіремін, ол мені өлімге әкелуі мүмкін ауыр зардаптан құтқарды. Сондай-ақ, бөлім меңгерушісі Рахман Сапарбаевқа және оның бүкіл командасына алғысымды білдіремін. Олар өз ісінің нағыз мамандары".

Бұл жағдай диагноздың сирек кездесетінімен де, хирургиялық араласудың күрделігімен де ерекше болды.

Профессор Серік Тұрсынбаев атап өткендей, мұндай жағдай өте сирек кездеседі:

"Ересектерде бізтәрізді өсінді ұзындығы орта есеппен 20-30 мм, ал Азия тұрғындарында - 15,4-18,8 мм болады. Ұзындығы 30 мм-ден асатын өсінді ұзарған болып саналады. Мұндай өсінді негізінен 30 жастан асқан адамдардың шамамен 4%-да кездеседі және 4% жағдайда олардың болуы клиникалық белгілермен бірге жүреді. Біздің жағдайда өсіндінің ұзындығы 1,5 см болды", - дейді ол.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында бірегей және күрделі ота  жасалды және қазіргі уақытта науқас  ауруханадан шығуға және толыққанды өмірге оралуға дайындалып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#хирургия #Алматы #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика