Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Оңтүстік Корея ресми түрде «шектен тыс қарт» қоғам...

Оңтүстік Корея ресми түрде «шектен тыс қарт» қоғамға айналды

Әлем 24.02.2025, 15:17 1,186
Оңтүстік Корея ресми түрде «шектен тыс қарт» қоғамға айналды
Сурет: Koryoya

Жапонияда қараусыз қалған үйлер саны 9 миллионға жетті.

Бұл жайында aqshamnews.kz islam.kz порталына сілтеме жасай отырып. 

Бұл ретте 65 және одан жоғары жастағы адамдар үлесі өткен жылдың желтоқсан айындағы дерек бойынша өз халқының 20%-нан асқан, дәлірегі,  10 244 550 адамға жеткен.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 65 және одан жоғары жастағы адамдар үлесі халықтың 7%-дан астамын құрайтын қоғамды «қартайған қоғам» және осы жас тобындағылар қарасы 14%-дан астамын құрайтын қоғамды «ескі қоғам» санатына жатқызады. Ал бұл көрсеткіш халықтың жалпы санына шаққанда 20%-дан асса, «шектен тыс қарт» қоғам санатына енеді.

ChosunBiz баяндамасында Таңғы шық елінен 19 жыл бұрын «шектен тыс қарт қоғамына» айналған, яғни, 2004 жылдан бастап аталмыш санатқа енген Жапония аумағындағы тұрғын үйлердің 13,8%-ы бүгінгі таңда иесіз қаңырап тұр. Күншығыс елі үкіметтің мәліметінше, 2023 жылдың қазан айындағы мағлұмат бойынша Жапониядағы қараусыз қалған үйлердің саны рекордтық деңгейге - 9 миллионға жетті. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 510 000-ға көп. Нарықты талдау нәтижесі көрсеткендей, бос тұрған үйлердің нақты саны одан да көп. Nomura зерттеу институтының есебіне қарағанда, Жапонияда шамамен 11 миллион үй бос тұр және 2033 жылға қарай бос тұрған үйлер барлық жылжымайтын мүліктің 30% -нан астамын құрайтын болады. Жапондар ұғымында «акия» деген атпен танылған мұндай үйлер шапшаң қартаю және туу көрсеткішінің төмен болуының нақты белгісі ретінде жіктеледі. 

Жапонияның ішкі істер және коммуникация министрлігінің дерегі бойынша 2023 жылғы қазандағы мәлімет бойынша шетелдік тұрғындарды қоса алғанда Жапония халқының саны 124,352 миллион адамды құрады. Жапон халқы, міне, қатарынан 12 жыл кеміп келеді. Бұл мерзімде жасы 75-ке жеткен және одна жоғары қарттар қарасы 713 000 адамға артып, алғаш рет 20 млн-нан асты. Осыған қарамастан жасы 65-тегі және одан жоғары қарттарқарасы 900 мың адамға кемігенімен қарттар саны халықтың жалпы санына шаққанда бәрібір жоғары күйінде қалып отыр - 29,1%. Қаңыраған үйлердің 72% -дан астамы қандай да бір кезеңде жалға бермейтін, сатпайтын  қараусыз қалған үйлер есебінен қалыптасты. Мұндай ғимараттар саны 3,9 миллион болып шықты, барлық бос тұрған үйлердің жартысына жуығы немесе 42,8% -ы. Бұл ретте мұндай үйлер 2003 жылы 32,1% -ды құраған болатын. Қартайған қоғамға тән мұндай қорқынышты құбылыс бала-шағасынан немесе басқа туыстарынан алыс тұратын ата-аналардың қарттар үйіне көшуіне немесе өмірден кетуіне байланысты қалыптасқан. Балаларының немесе туыстарының мұндай қаңыраған мүлікті иелену қиын, олар оны жалға да бере алмайды, сата да алмайды және жоғары салық төлемеу үшін мұраға алудан бас тартқанды жөн көреді. The Guardian мерзімді басылымы атап өткендей, Жапонияның бос тұрған үйлері Австралияның барлық халқын паналатуға, яғни, бір үйге үш адамнан орналастыруға жеткілікті. Asian investor порталы 2024 жылдың бірінші тоқсанында Жапонияның жылжымайтын мүлікке тартылған инвестициясы 31,3 млрд долларға дейін төмендегенін хабарлады, бұл көрсеткіш соңғы 10 жылдағы ең төменгісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оңтүстік Корея #Жапония #қараусыз қалған үйлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика