AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Оңтүстік Корея жұлдыздары Алматыда: қалада Netflix...

Оңтүстік Корея жұлдыздары Алматыда: қалада Netflix тревел-шоуы түсірілді

Барлығы 01.08.2025, 10:31 728 Сұлу
Оңтүстік Корея жұлдыздары Алматыда: қалада Netflix тревел-шоуы түсірілді
Pixabay.com

Оңтүстіккореялық жұлдыздар Алматыда Netflix үшін тревел-шоу түсіріп жатыр, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Алматы жаһандық креативті индустрияның жаңа ошағына айналуда. 24-27 шілде аралығында қала мен оның көрікті аумағы танымал оңтүстіккореялық Hit And Miss Tour 4 тревел-шоуының түсірілім алаңы болды. Жоба Channel S телеарнасынан көрсетіліп, кейін Netflix платформасында бүкіл әлем көрерменіне жол тартады.

Шоудың басты кейіпкерлері – Оңтүстік Кореяның танымал комедия шеберлері Ким Дэ Хи, Ким Джун Хо, Чан Дон Мин, Ю Се Юн және Хон Ин Гю. Реалити форматындағы бұл жоба әр елде жаңа әсер мен күлкіге толы саяхатты көрсетеді. Қатысушылар күн сайын түрлі ойындар мен тапсырмалар орындайды, ал жеңілгендер топтың жол шығынын өтейді. Бұл ереже әр локацияны нағыз шоу алаңына айналдырады.

Алматыдағы түсірілім 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы, Вознесенск кафедралды шіркеуі, Көкбазар, Шымбұлақ, Көктөбе сияқты қаланың танымал орындарда өтті. Сондай-ақ, түсіру тобы Алматы маңындағы Шарын шатқалына, Көлсай мен Қайыңды көлдеріне де ат басын бұрды.

Жоба Алматы қаласы Туризм басқармасына қарасты Almaty Tourism Bureau-ның қолдауымен, креативті туризмді дамыту аясында жүзеге асты. Бұл бағыттағы негізгі құралдардың бірі кино және тележобаларды қалаға тартуға арналған Location Scout қызметі. Бюро тарапынан түсірілім топтарына локацияны іріктеу мен рұқсат алу сәтінен бастап түсірілім барысына дейінгі жан-жақты көмек көрсетілді.

– Алматының осындай халықаралық жобаларда көрініс табуы жай ғана әдемі көрініс емес, бұл қаланың және елдің туристік әлеуетін стратегиялық деңгейде ілгерілету. Шетелдік жобалардың Алматыны таңдап жатқанына қуаныштымыз, – деді Almaty Tourism Bureau басшысы Дияр Асқаров.

Hit And Miss Tour 4 бағдарламасының премьерасы 23 және 30 тамызда, сондай-ақ, 6 қыркүйекте өтеді. Жоба нәтижесінде Алматыға деген қызығушылықтың артып, қаланың халықаралық туристік имиджі нығая түспек. 

Айта кетейік, Netflix платформасының әлем бойынша 300 миллионнан астам оқырманы бар, ал жалпы аудиториясы 700 миллион адамнан асады.

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Алматыға 145 мың шетелдік турист саяхаттап келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18% артық. Қалаға көбіне Үндістан, Қытай мен Түркиядан, сонымен қатар АҚШ, БАӘ, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және Германиядан келген саяхатшылар жиі ат басын бұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #трэвэл-шоу #Netflix #Оңтүстік Корея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);