Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Онкологтар Алматы қаласының тұрғындарын бекітілу о...

Онкологтар Алматы қаласының тұрғындарын бекітілу орны бойынша қала емханаларында тегін скрининг өтуге шақырады

Медицина 14.09.2021, 04:24 2,341
Онкологтар Алматы қаласының тұрғындарын бекітілу орны бойынша қала емханаларында тегін скрининг өтуге шақырады
almaty-akshamy.kz

Жылдың басынан бері Алматы қаласының онкоорталығынан шамамен 12 мың пациент емделіп шықты


Айта кететін жайт, қазіргі эпидемилогиялық жағдайға қарамастан, Алматы қалалық онкологиялық орталығы Алматы қаласының пациенттеріне үздіксіз онкологиялық көмек көрсетуде. Жыл басынан бері қаланың 2954 тұрғындарынан созылмалы ауру өскіндері анықталған. 


Алматыда аурушаңдық құрылымы бойынша сүт безі қатерлі ісігі  бірінші орында, екінші орында- тоқ ішек қатерлі ісігі, үшінші орында- өкпенің қатерлі ісігі, төртінші орында- асқазанның қатерлі ісігі, бесінші орында- аналық жыныс безінің қатерлі ісігі. 


Жүргізілген скрининг бойынша, жыл басынан бері 148 қатерлі ісік және 9304 қатерлі ісік алдындағы ахуалдардың алды алынды. 



«Скрининг жолымен анықталған қатерлі ісіктер 1-2 аурушаңдық сатысында екені айқындалды. Мұндай жағдайда ем тәсілі өзінің тиімді әсерін көрсетіп науқастың толығымен емделіп шығуына септігін тигізбек. Сондықтан да скринингтен өту қажет. Оның ерте кезеңдегі қатерлі ісікті диагностикалау арқылы толыққанды емдеуіне ықпалы болуы әбден мүмкін. Ал тым кеш анықталғандарды емдеу қиынға түседі және ахуалы нашарлайды», - дейді АОО дәрігері Нұрсұлтан Ізмағамбетов. 



Жылдың басынан бері 2498 КТ және 368 МРТ жасалып, телепатологияның көмегімен 472 халықаралық кеңес берілген. Паллиативті көмек көрсету бойынша 3436 мобильдік бригада онкологиялық аурумен ауыратындарды анықтаған. 


Қала бойынша онкология орталығы қызметкерлерінің кәсіптілігі және көмек көрсету сапасының жоғары болғаны, дәрілермен толыққанды қамту себепті, Алматы қаласында шетел пациенттерінің қайта бекітілу деңгейі өсуде. 



«Осылайша, биылғы жылдың 8 айы ішінде еліміздің басқа аумақтарынан 478 онкологиялық науқастар қайта тіркелді (2020 жылы 338 пациент қайта тіркелді). Өкінішке орай, 112 пациент асқынған қатерлі ісік ауруымен келген, яғни, әр бесінші пациент 3-4 кезеңдегі аурумен емделуге келген. Мұның барлығы асқынушылықтың көрсеткішіне әсерін тигізіп, өлім салдарына әкелуі мүмкін.  Сондай-ақ, қала бойынша онкологиялық көмек көрсетуде шығын көбейеді», - деді АОО бас дәрігері. 



Осы жылы емделген пациенттердің саны өткен жылмен салыстырғанда 25,7%-ға, 11 812 санына дейін өсті. 


2 мыңнан астам күрделі операция жүргізілді.  Скринингтің көмегімен және онкологиялық науқастарды ерте диагностикалаудың ұлғаюымен, сонымен қатар, емдеумен қамтуды 100%-ға шаққанда қалада созылмалы қатерлі өскіндерден өлімге жету көрсеткіші 10,6%-ға төмендеді. 


АОО баспасөз қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #онкология #көрсеткіш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика