AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өңірлерде қысқа қажетті мал азығының 99%-ы дайында...

Өңірлерде қысқа қажетті мал азығының 99%-ы дайындалды

Әлеумет 29.11.2023, 13:20 1,206
Өңірлерде қысқа қажетті мал азығының 99%-ы дайындалды
Сурет: 24.kz

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте жем-шөп дайындау науқанының қорытындысы айтылды.


Өңірлерде барлығы 24,7 млн тонна жем-шөп дайындалды. Бұл малды қыстан шығаруға қажетті мал азығы көлемінің 98,9%-ын құрайды. Жем-шөп қорының құрамына 1,5 млн тонна шөп, 1,9 млн тонна сүрлем, 4,5 млн тонна сабан, 4,9 млн тонна құнарлы жем кіреді. Биылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан мұндай нәтижелерге жедел штабтың уақтылы әрекет етуінің және мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қол жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Азық-түлік корпорациясы” АҚ желісі бойынша фермерлерге арзандатылған бағамен астық сатуға арналған 235 мың тонна көлемінде жем-шөп қоры қалыптастырылды. Жемшөп дайындау үшін қосымша 58 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. "ҚазАгроҚаржы" АҚ жем-шөп дайындау техникасының жеңілдікті лизингін қаржыландыру үшін 10 жылға 6%-бен 20 млрд теңге бөлді. Бұл бағдарлама бойынша 6,9 млрд теңге игерілді, бұл 35%-ды құрайды», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангалий Бердалин.



«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ желісі арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер несиелерінің мерзімін ұзарту және қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазірдің өзінде 23,5 млрд теңгеге 574 өтінім мақұлданды, 16 млрд теңгенің 224 өтінімі қаралуда. Сонымен қатар Маңғыстау облысының малшылары үшін теміржол көлігімен мал азығын тасымалдау тарифтері 80%-ға төмендетілді.



«13 өңірде мал азығын субсидиялау үшін тауар өндірушілерге барлығы 27,6 млрд теңге бағытталды, оның ішінде жедел штабтың ұсынысы бойынша 12,9 млрд теңге қосымша бөлінді», — деп атап өтті А.Бердалин.



Осылайша, қабылданған шаралар қысқа қажетті мал азығы қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді. СҚО, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстарында пішен мен құнарлы жемнің жетіспеушілігі байқалады. Жиын қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин барлық өңірлерде қажетті мал азығы көлемін дайындауды қамтамасыз етуді және оларды мал қыстайтын орындарға жеткізуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өңірлер #Мал азығы #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56

«Жыраулар жолымен» жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Бүгін 10:10

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика