конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Өңірлерде АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық...

Өңірлерде АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штабтар құрылды

АЭС: Референдум 08.09.2024, 10:45 1,489
Өңірлерде АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штабтар құрылды
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Астанада Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салуды қолдау мақсатында Халықтық штаб құрылды. Штаб құрамына 6 саяси партия мен 20-ға жуық республикалық қоғамдық бірлестіктің 250-ден астам өкілі кіреді. Аймақтарда да осындай құрылымдар жасақталып жатыр. Осы бастаманы қолдауда Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) белсенділік танытып отыр.

Халықтық референдумда әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды. Штабтың негізгі мақсаты — халық арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, отандық атом энергетикасын қолдауға қоғамды жұмылдыру. Бұл іске Парламент пен мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғам белсенділері де атсалысуда. Павлодар облысында да аймақтық штаб құрылды, оған ҚХП облыстық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Илья Мухортов енді. Штаб мүшелері мемлекеттің тұрақты дамуы референдумда қабылданатын шешімге байланысты деп санайды.

Штаб мүшелері референдумды қолдауға бағытталған түсіндіру жұмыстарын қарапайым тілде жүргізуді басты міндет етіп қойып отыр. Түркістан облысында штабқа ҚХП жергілікті филиалы басшылары Зухра Қамбарова мен Ысқақ Ахметов кірді. Солтүстік Қазақстан облысында ҚХП филиалының өкілдері Ерғали Жұмағұлов пен Болат Қожахметов және кеңес мүшелері штабтың құрамын толықтырды.

Батыс Қазақстан облысында ҚХП филиалының басшысы Борис Лаврентьев, Қарағанды облысында ҚХП филиалының басшысы Қалел Мақсұтов пен мәслихат депутаты Анатолий Баранов штаб құрамына қосылды. Сонымен қатар, Ұлытау өңірінде ҚХП филиалы төрағасының орынбасары Бақытбек Төрежанов, Балқаш қалалық өкілдігінің төрағасы Қаныш Ысқақов та штабтың мүшесі болды.

ҚХП Ақмола облыстық филиалының басшысы Арман Тастамбеков, Атырау облысында филиал төрағасының орынбасары Әлия Мұрзағалиева, ал Ақтау қаласында Бауыржан Құрманғазин мен Марат Нұркеев штабқа қосылып, Маңғыстау аймағында бұл міндет Рәнида Балжановаға жүктелді.

Штабтың негізгі міндеті — ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу. АЭС құрылысына қатысты өтетін референдумға бір ай ғана уақыт қалды, сондықтан штаб мүшелері белсенді жұмыс істеуде.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан Халық партиясы #АЭС #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір тәулікте жол ережесі 1 826 рет бұзылған

Бүгін 10:38

Алматы сарапшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

Бүгін 10:27

Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

Бүгін 08:09

Алматыда жер сілкінісін алдын ала анықтайтын жаңа орталық ашылды

Кеше 17:10

Аймағамбетовтен 6 кеңес

Кеше 16:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);