Өнерге толы түн: 18 мамырда Қастеев музейi дәстүрлі «Музей түні - 2025» мәдени-білім беру акциясын өткізеді

Өнерге толы түн: 18 мамырда Қастеев музейi дәстүрлі «Музей түні - 2025» мәдени-білім беру акциясын өткізеді CNN Travel

2025 жылғы 18 мамырда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Халықаралық музей күніне орай жыл сайын өтетін дәстүрлі «Музей түні - 2025» мәдени-білім беру акциясы, сағат 14:00-00:00 ұйымдастырылады. Биылғы іс-шара ұлт өнерінің қарашаңырағы саналатын музейдің 90 жылдық мерейтойы аясында өтеді. Бұл туралы жоба жетекшісі Әйгерім Көпжүрсін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-маслихатында атап өтті.  

Кештің тақырыбы — «Өзгермелі әлемдегі дәстүр мен заманауилық». Іс-шараның стилистикалық бағыты — винтаж эстетикасы.

Бағдарлама екі бөлімнен тұрады:

Балаларға арналған «Музей күні»: бұл уақыт аралығында кішкентай қонақтар мен отбасылар үшін шеберлік сағаттары, «Арт- шеберханамен» пленэр, квест-ойындар ұйымдастырылады.

•  «Музей түні» бағдарламасы: келушілер назарын театрландырылған музыкалық және би көріністері, перформанстар, авторлық экскурсиялар, лекциялар мен ерекше тосынсыйлар күтеді.

Іс-шара бағдарламасына мыналар кіреді:

Музей ауласында шеберлер жәрмеңкесі, «АРТ-шеберхана» бейнелеу студиясының балаларға арналған пленэрі, тақырыптық шеберлік сабақтары жүргізіледі.
  
16:00-де музей қорынан «Мәңгілік мұра - уақытпен үндескен өнер» көрмесінің ашылуы және «Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері» каталогының тұсаукесері өтеді. Сонымен қатар, көрме аясында сағат 17:00-ден бастап қазақ және орыс тілдерінде экскурсия жүргізіледі. 

Мерекелік іс-шара барысында балалар мен жасөспірімдерге арналған танымдық және интерактивті «Өнер агенті: кескіндер патшалығындағы құпия хабар» квест ойыны жүргізіледі. 

Музейіміздің 90-жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп жатқан «Музей түні-2025» бағдарламасы аясында сағат 18:00-де еліміздің аға буын өнертанушылары Мұқажанова Кульжазира - өнертанушы, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, AICA Қазақстан ұлттық бөлімшесінің президенті, ҚР СО мүшесі «Әбілхан Қастеев шығармашылығы»; Нурфеизова Нұржамал - өнертанушы, ҚР Мәдениет саласының үздігі «Қазақстан сәндік-қолданбалы өнері»; Ким Елизавета - өнертанушы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық сыншылар мен өнертанушылар қауымдастығының (AICA) мүшесі, ҚР СО мүшесі «ХХ ғасырдағы шет ел өнері»; Ли Камилла - өнертанушы, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халықаралық сыншылар мен өнертанушылар қауымдастығының (AICA) мүшесі, ҚР СО мүшесі «1960жылғы Қазақстан бейнелеу өнері» бойынша «Сырлы сұхбат» атты еркін форматтағы әңгіме-сұхбат экскурсиясы ұйымдастырылады.
 
19:00-00:00 аралығында концерттік бағдарлама басталады:классикалық музыка, хореография, перформанс, сахналық көрсетілім кіреді. Айталық: «Choir pop» - П.И. Чайковский атындағы АМК студенттерінің эстрадалық хоры, «Dolce» квартетінің камералық композициялары, пантомима театры, SUBANDALA – этно әнші Венера Уразбекованың музыкалық бағдарламасы, «САҚТАЛҒАН СҰЛБА» перформанс, «SANTAS FLORES DEL ALMA» фламенко би тобы, дирижер және джаз әншісі Илияс Дюйсеннің музыкалық бағдарламасы, «ШЫРАҚ ӘУЕН» квартеті және TeslaArtLab жарық шоуы «Дүрбелен» - Ұлттық аңыздардың ежелгі тамыры бар заманауи қойылымымен қатысады. 

«Музей түні-2025» – бұл ұлттық өнер мен заманауи мәдениеттің үйлесім тапқан кеші, өткенге тағзым мен келешекке көзқарас, көрермен мен өнер арасындағы жаңа байланыс алаңы. Бұл күні музей қонақтары үшін Халықаралық көрмелерден басқа (Орал Таңсықбаевтың көрмесі ғана ақылы) кіру тегін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:16

17:11

16:56

16:54

16:50

16:42

16:33

16:22

15:54

15:44

15:41

15:37

15:35

15:26

15:21

15:18

15:15

15:10

15:07

15:04

14:29

14:05

13:05

12:54

12:52