конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / «Өнер барысы 2021» жеңімпазы анықталды

«Өнер барысы 2021» жеңімпазы анықталды

Спорт 17.12.2021, 14:07 1,570 Almaty-akshamy
«Өнер барысы 2021» жеңімпазы анықталды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Жарыста 28 өнер адамы боз кілемге шықты


Қазақ күресін дамытуға бағытталған шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнайы ұйымдастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оған елімізге танымал өнер адамдары мен ғаламтор жұлдыздары қатысты. Мега жобаны «Хабар» Агенттігі биыл да қалың көрерменге ұсынып, тікелей эфирде көрсетті.


«Өнер барысы» 2019 жылдан бері осымен 3-ші мәрте өтіп отыр. Мега жоба аз уақыт ішінде көрерменнің зор ықыласына бөленіп, тіпті ҚР «Қазақ күресі» федерациясының күнтізбесіне енгізілген. Биылғы шара Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында ұйымдастырылды.


Жарыста 28 өнер адамы боз кілемге шығып, өзара мықтыны анықтады. Олардың арасында айтыскер ақын, белгілі әзілкештер, әншілер мен өзге де танымал тұлғалар бар. Биылғы ережеге сәйкес қатысушылар 4 салмақ, яғни жеңіл, орта, ауыр және аса ауыр салмақ бойынша бақ сынап, федерацияның кәсіби төрешілері төрелік етті. Бес сағатқа созылған жарыста жеңіл салмақта актер Асылхан Төлепов жеңімпаз атанды.



«Бүгін үш дүркін чемпион атанып, жеңіске жетіп жатырмыз. Шүкір. Бұл – ұстаздарымның арқасы, сол кісілердің еңбегі. Өзім де осы жарысқа бір айдай уақыт жұмсап, жүйе бойынша дайындалдым. Бұл жеңісімді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнаймын», -деді  «Өнер барысының» жеңімпазы Асылхан Төлепов.



Жұлдыздар айқасын тамашалуға келген халық санында есеп жоқ. Спорт кешені лық толды. «Өнер барысы» жобасын «Хабар» Агенттігі телекөрермен назарына ұсынып, жарысты тікелей эфирде көрсетті.



«Хабар» Агенттігі осымен қатарынан үшінші жыл «Өнер барысы» ұлттық жобасын қолдап келе жатыр. Неге «ұлттық» деген сөзге басымдық беріп тұрмын. Өйткені бұл жобаның мақсаты тек өнер, мәдениет, медиа, ғаламтор жұлдыздарын ғана жарыстырып, шаршы алаңға шығару емес. Сондай-ақ осы жоба арқылы біздің руханиятымызда, дәстүрімізде үлкен орны бар қазақ күресін кеңінен насихаттау», -деді «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев.



Сондай-ақ жоба ұйымдастырушысы Мейіржан Әлібек пікір білдірді.



«Жоба «танымал емес» адамды танытумен айналыспайды. Біздің жоба танымал адам арқылы қазақ күресін дамытады. Биылғы ерекшелігі  – санында. Яғни біз 20 қатысушыдан асырмаушы едік. Бұл жолы 28 қатысушыны шақырдық. Оның ішінде 50% – бұрын қатыспаған жаңа қатысушылар. Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған «Өнер барысы» жоғары деңгейде өтті. Жүлде қоры 16 миллион теңге. Өз салмағында жеңімпаз болған чемпиондардың әрқасысы 1 млн 200 мың теңгеден иеленді. Шараға қатысып, жеңіліп қалған қатысушылар да құр алақан қайтқан жоқ. Оларға 250 мың теңгенің сертификаты табыс етілді», -деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өнер Барысы #Күрес #Сайыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Бүгін 18:53

Алматыда ECO CLUB MEDEU жастар экологиялық қауымдастығының тұсаукесері өтіп, бизнес өкілдері қалдықтарды қайта өңдеуге белсенді қатысуға шақырылды

Бүгін 18:50

Алматыда «Жастар қатысатын бюджет» жобасы іске қосылады: үздік бастамаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Бүгін 18:34

Алматы Еуропа аудиториясына Viajar журналында таныстырылды

Бүгін 18:31

Алматыда ашық аспан астындағы йога мен стретчинг: қалалық тегін жоба жалғасуда

Бүгін 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);