Алматыда ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, спорт шебері Ізбазар Оразбақұлының еске алуға арналған асық атудан дүбірлі турнир ұйымдастырылды. Ізбасар Оразбақұлы кезінде ұлттық спортымыздың ішіндегі асық ату өнеріне мән беріп, түрлі жарыстарды ұйымдастыруғ ат салысқан.
«Ардақты ағамыз зейнетке шыққанша қатарынан 20 жылдай қаламызда жарыс өткізіп келді. Ол кісінің «Баспалдақ»- атты жарысына талай рет барып, куәсі болған едім. Сонда Алматы қаласының еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін барып жарыста бақтарын сынап жататын. Ол кісінің денсаулықты жақсарту жағындағы еңбегі де ерен деп айтқан дұрыс болар. Халықтың денсаулығының жақсара түсуіне өзі мұрындық болған спорт шаралары арқылы еңбегінің жемісін көрген ардақты ағамыз ҚР Еңбегі сіңіген қайраткері болды. «Бір адам қазған құдықтан мың адам су ішеді» деген екен бабаларымыз. Денсаулықты жақсартудың жолы спорт арқылы деген ұғымды арқау етіп, ізгіліктің дәнін еге білген Ізбазар Оразбақұлының жүріп өткен өмір жолы жастарға тұнып тұрған үлгі өнеге еді. Ізбасар ағамыздың бақилық дүниеге сапар шеккеніне де, міне, жылдан асып барады. Жақсының өзі өлгенмен, артына қалдырған ізгілік жолындағы ізі өлмек емес», – деді Ақын Ордабайұлы.
Турнирге қатысушылар ұлттық спортымыздың асық ату мен бес асық өнері бойынша сынға түсті. Айтулы жарысқа қаладағы 5 ауданнан 64 спортшы қатысты. Олардың ішінде 32 ұл асық атудан бағын сынаса, бес асықтан 32 ару бақтарын сынды. Қала мектептерінде дене шынықтыру пәнінің ұстаздары келіп шеберлігін сынағын аламан турнир өте тартысты әрі қызықты өтті.
Ізбазар Оразбақұлы1990 жылы Марокконың Мехнас қаласында өткен жеңіл атлетикадан ардагерлер арасындағы біріншілікте әлем чемпионы атанады. Сол бір дүбірлі өткен байрақты жарыста 100 метрлік жүгіруде алдына жан салмаған желаяқ, ядро лақтырудан да қарсыластарын артта қалдырып кеткен екен. Көп жылдар бойы Алматыдағы халықтық, ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру-дене шынықтыру клубында еңбек етті.
«Ізбасар Оразбақұлы - Алматы шаһарында бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын қалыптастыруда орасан үлесін қосқан жан. Сондай-ақ, сауықтыру-шынықтыру арқылы денсаулықты жақсарту жаттығуларының кіндік атасы әрі негізін қалаушы. Бұл шараға ұйытқы болып бастөрешілік жасаған Асан Қанапиянов - кезінде Ізбасар ағамыздың қасында жүріп шарапатына бөленген ұлттық спорттың жанашыры. Ұлттық алтын құныдылығымыздың бірі - асық атудың былайша айтқанда майын ішкен, білгір азамат жарыстың сондай әділетті әрі жанжалсыз өтуіне зор септігін тигізді», – деді Ақын Ордабайұлы.
Асық атуда үлкен өнерді талап ететін ұлттық спорт түрі болып табылады. Құлжа сақаны қолына ұстап, 5-6 метрдей жердегі жерге тізілген асықтарға дәл тигізу екінің бірінің қолынан келе бермес өнер. Өйткені, ептілігі мен дәлділігі келген асықшы ғана көздегенді дәл атып алаңнан шығары алады. Хош, сонымен алтын асықтарын шиіре тартқан ұстаздардың арасынан 1-орынды Жетісу ауданының асықшылары жеңіп алды. Жетісу командасы жеңімаздарының арасында Ерланұлы Жалғас, Тұрғанбеков Нұркелді және Қантөреев Ерландардың ерекше жетістіктерін айтпай кетуге болмас. Ал, 2-орынды Әуезов, 3-орынды Алмалы аудандарының асықшылар командалары жеңіп алды. Ал, бес асық өнері бойынша 1-орынды Әуезов ауданы жеңіп алды. Осы бес асық сайысында Сейдехматова Шынар, Аманова Гүзарам мен Жақслықова Динаралар ерекше өнерлерімен көзгі түсіп, үздік шықты. Ал, 2-орынды Жетісу командасы иленсе, жүлделі 3-орынмен Наурызбай ауданының асықшылары марапатталды.