Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Өмір мен өлім аузындағы төрт ай

Өмір мен өлім аузындағы төрт ай

Медицина 03.04.2024, 08:53 1,420
Өмір мен өлім аузындағы төрт ай
almaty-akshamy.kz

Аттан құлаған сегіз жасар баланы Алматы қаласы және облыс дәрігерлері аман алып қалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Хамит өткен жылдың қараша айында Алматы облысында атқа мініп қыдырғанда құлаған. Содан төрт ай бойы қайта-қайта өмір мен өлім аузында болған.


Емделу барысында Хамит және оның ата-анасы бірнеше ауруханада болды, оның жарақаты ең тәжірибелі деген дәрігерлердің өзін таң қалдырды: ауыр аралас жарақат, ауыр жабық бассүйек-ми жарақаты, ми және ми бағанының соғылуы мен зақымдануы, бас сүйек күмбезінің сынуы, көз алмасының соғылуы, кеуде және құрсақ мүшелерінің соғылуы.


Алған жарақаттан қауіп өткеннен кейін баланың тыныс алуы қиындай түсті. Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері балаға жарақат салдарынан пайда болған трахея стенозы деген диагноз қойды. Балаға трахеостомия, бірнеше рет бронхоскопия және трахеяны сүмбілеу жасалғанына қарамастан, бала тұншығып қала берді, жоғарыда аталған процедуралардың бәрі еш нәтиже бермеді.


Бала бірнеше рет реанимацияға түсті, тыныс алу жеткіліксіздігінің салдарынан оның жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Осылайша Балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері алғаш рет трахеяның стеноздық бөлігін резекциялау және трахеяға пластикалық ота жасау шешімін қабылдады.



«Емдеу нәтиже бермеді және шұғыл шара қабылдау қажет болды. Кезекті консилиумда трахеяның стеноздық аймағын резекциялау және трахеяға пластикалық ота жасауды шештік. Орталықта бұған дейін мұндай ота жасамағанбыз, бұл Алматыда балаға жасалған алғашқы трахеялық пластикалық ота болды! Баланы алдын-ала профессор К.Т. Турсынов, жақ-бет хирургы А.Е. Уразаева, кеуде және іріңді хирургия бөлімінің меңгерушісі С.А. Мырзахмет қарап тексерді. Отаны аурухананың жетекші мамандары жүргізді, ота екі сағатқа созылды. Хирургтар трахеяны қалпына келтірді, бала өзі дем алатын болды», - дейді Алматы Балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығы директорының орынбасары Димаш Рузуддинов.



2024 жылдың 14 ақпаны сегіз жасар Хамит үшін айтулы күн - ол толығымен қалпына келді.
Отаны хирург САМАТБЕК МЫРЗАХМЕТ, анестезиолог АЙГЕРИМ КУЛИМБЕТОВА, ассистенттер жақ-бет хирургы АИДА УРАЗАЕВА, балалар хирургы ЖАЛГАС КУНИЯЗОВ жасады.



«Мен осы аурухананың хирургтары мен әкімшілігіне ота жасау туралы шешім қабылдағаны үшін шексіз алғысымды білдіремін. Біздің баламыз Хамит ауыр жағдайда, өз бетімен дем ала алмаған күйде түсті. Ұлым осында, Алматыда трахеопластикадан өтті, шетелден аурухана іздеудің қажеті болған жоқ. Мұндай ота бұрын-соңды бұл жерде жасалмаған екен. Дегенмен, дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында бәрі ойдағыдай өтті. Төрт ай ұзақ емделгеннен кейін Хамит қазір үйде, мектепке барып жүр және жақсы баға алып жатыр. Бізді тастамай, қолдан келгеннің бәрін істеген дәрігерлерімізге рахмет», - деп қосты баланың әкесі Мұхан.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика