Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Париж-2024 / Олимпиадада жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді

Олимпиадада жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді

Париж-2024 06.08.2024, 21:56 873
Олимпиадада жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді
ашық дереккөз

Ислам Байрамуков, еркін күрестен Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері:

Бір нәрсені түсіну керек. Баяғыда бокс қандай еді? Қазір қандай жағдайға ұшырады? Бүгінде Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Халықаралық бокс федерациясын шеттетіп тастап, өздері өткізіп жатыр. Оған федерация мүшелерін жібермейді. Сондықтан Токионы да, енді Париж олимпиадасын да өздері қолына алды. Ешқандай дау-дамай, өрескел дүниелерді естіп те, көріп те жатқам жоқ. Өйткені, жеке көзқарасым бойынша бәрін таза өткізіп жатқан сияқты.

Әрине, кемшіліктер жоқ емес. Дегенмен, ХОК ұйымдастырған екінші олимпиададан асып бара жатқан қателік көрмедім. Төрешілер жұмысын шынайы, әділ атқарып отыр. Жанкүйерлер де боксшылардың көбі олимпиада чемпионы болып оралғанға үйреніп қалған. Шын мәнінде, осы олимпиададан кейін бокс саласының мамандарынан кәдімгі зерттелген талдау күту керек.

Қазір бүкіл әлем дамып жатыр. Бәлкім, боксшылардың дайындық жұмысын, жаттығу тактикасын, федерацияның реттеу жарысын басқаша қарастыру керек шығар. Келесі олимпиадада осындай қателіктер болмас үшін қазірден бастап комиссия құрып, бәрін зерттеп, ауыстыратын адамдарды ауыстырып, қоятын адамды қойып, жаңаша бағдарлама жасап, дұрыс бағытта жұмыс істеу керек. Тәуелсіз мамандардың да пікірін тыңдап, соңынан шешім қабылдау қажет. Мен бокс мамандарымен, төрешілермен пікірлесіп отырамын. Ешқандай да бұра тарту жоқ. Бірақ Мұхамедсабырдың жекпе-жегінде шамалы көрінді. Бокстың маманы емеспін ғой. Осы спорттың мамандарынан сұрасам, «теңбе-тең болды, төрешілер солай шешті» дейді. Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті шағым түсіргенмен «Төрешілер кемшілік жіберіпті» деп, әрі кетсе төрешілерін жазалайды, бірақ жекпе-жектің нәтижесін өзгертпейді. Бұл айдан анық қой. Жігіттер олимпиадаға не үшін барғанын біледі. Мақсат анық, жоспар бар. Бар болғаны сәті түспеді. Бұйырмаған дүние деп қана қабылдау керек. 

"Nege.kz" сайтынан ықшамдалып алынды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #бокс #олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүргізушілерге жасырын патруль арқылы айыппұл салынуы мүмкін

Бүгін 14:34

Ұлттық ұланда «BOOKGUARD» әдебичелленджі басталды

Бүгін 13:30

Қазақстандық ағайынды Кенжеғұловтар Аустрия Кубогында топ жарды

Бүгін 12:29

Тәртіп пен тәрбие басты назарда: Қорғаныс министрінің орынбасары Гвардейск гарнизонында тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындады

Бүгін 12:22

Алматыда заң жағынан тегін көмек ұсынатын жоба іске қосылады

Бүгін 12:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика