Хусанжан Құрбанов ұзақ жыл бойы жас гимнастшыларды даярлаумен айналысып келеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бүгін мәслихат депутаттарының сайлауына келген алматылықтардың арасында спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Хусанжан Құрбанов та бар. Ол бөбекжай-бақшада орналасқан №229 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Хусанжан Құрбанов – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, спорттық гимнастикадан Қазақстан тарихындағы алғашқы Олимпиада медалін жеңіп алған Нариман Құрбановтың әкесі әрі жеке жаттықтырушысы.
КСРО спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы Хусанжан Құрбанов ұзақ жыл бойы жас гимнастшыларды даярлаумен айналысып келеді.
Еске салайық, Алматы мәслихатының депутаттық мандаттарына 168 кандидат үміткер. Оның 109-ы партиялық тізім бойынша, 59-ы бірмандатты сайлау округтері бойынша ұсынылған.
Қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 41-інде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.