AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Алматыда мәслихат сайлауы қалай өтіп жатыр: сайлау...

Алматыда мәслихат сайлауы қалай өтіп жатыр: сайлау учаскелерінен фоторепортаж

Сайлау 2026 Бүгін 10:16 46
Алматыда мәслихат сайлауы қалай өтіп жатыр: сайлау учаскелерінен фоторепортаж
Алматы әкімдігі

Алматыда 29 қараша, жексенбі күні таңертең-ақ барлық 670 сайлау учаскесінде қызу жұмыс басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қала тұрғындары дауыс беруге отбасымен келіп, ал кейбір аудандарда сайлау күні ұлттық шашу дәстүрімен, таңғы жаттығумен, тақырыптық фотозоналармен және алғашқы сайлаушыларға арналған тәтті сыйлықтармен ерекшеленіп отыр. Таңнан бері өз таңдауын мәдениет қайраткерлері, ақсақалдар, дәрігерлер, коммуналдық сала қызметкерлері мен жастар да жасады

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Біз мегаполистің әр ауданындағы сайлау күнінің ең жарқын сәттері мен қызықты оқиғаларын жинақтадық.

Алматыда сайлау учаскелері қалай жұмыс істеп жатыр?

Таңғы сағат 07:00-де Алматыдағы 670 сайлау учаскесі есігін айқара ашты. Қала тұрғындары алғашқы сағаттардан бастап дауыс беруге келіп жатыр. Олардың арасында отбасымен бірге келгендер де аз емес.

Алматыда тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 41 сайлау учаскесінде бір күндік тіркеу қызметі ұйымдастырылған. Ал ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 170 инватакси көлігі мен 80 сурдоаудармашы жұмылдырылған.

Әскери бөлімдерде дауыс беру ерте басталды

Алматыдағы жалпы дауыс беру басталғанға дейін, таңғы сағат 06:00-де Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты сегіз әскери бөлімде сайлау өтті.

5571 әскери бөлімінде орналасқан №107 учаскеде алғашқылардың бірі болып «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Сәкентай Шекарбеков дауыс берді.

Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың басым бөлігі үшін бұл сайлау өміріндегі алғашқы дауыс беру болды. Олардың қатарында екі ай бұрын Тараз қаласынан әскерге шақырылған қатардағы жауынгер Еркебұлан Саухан да бар.

Шашу шашып, ізгі тілектерін арнады

№73 сайлау учаскесінде таңғы уақыт ерекше көңіл күймен басталды. Ақ жаулықты әжелер дауыс беруге келген тұрғындарға шашу шашып, елге амандық, халыққа бірлік пен тыныштық тіледі.

Қазақтың осы бір әдемі дәстүрі сайлау күніне мерекелік сипат беріп, ұрпақтар сабақтастығын тағы бір мәрте көрсетті.

Алғашқы сайлаушыларға тәтті сыйлықтар

Алмалы, Түрксіб және қаланың өзге де аудандарында алғашқы болып дауыс беруге келген тұрғындарды жылы лебіздермен қарсы алып, естелік кәдесыйлар мен тәтті сыйлықтар табыстады.

Мәдениет қайраткерлері де өз таңдауын жасады

№124 сайлау учаскесінде белгілі монументалист-суретші, «ТҰРАН» сыйлығының лауреаты Талғат Тілеужанов дауыс берді.

Оның айтуынша, сайлауға қатысу – әрбір азаматтың ел болашағы алдындағы жеке жауапкершілігі.

Ал №624 учаскеде ақын, ғалым, «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Әділғазы Қайырбеков дауыс берді. Ол әрбір тұрғынның таңдауы келер ұрпақтың әл-ауқатына тікелей әсер ететінін атап өтті.

Сайлау күні таңғы жаттығудан басталды

Алматының Жетісу ауданында сайлау күні тұрғындар үшін тек дауыс берумен шектелген жоқ. №337 және №343 учаскелерде сайлау науқаны таңғы дене шынықтыру жаттығуларымен қатар өтті.

№57 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жетекшілік еткен жаттығуға қала тұрғындары қатысып, таза ауада сергіп алды.

Сайлау учаскелерінде жәрмеңкелер ұйымдастырылды

Алматының сегіз ауданындағы сайлау учаскелерінде таңертеңнен бастап жәрмеңкелер жұмыс істей бастады. Дауыс беріп шыққан тұрғындар қажетті тауарларды сол жерден сатып ала алады.

Жұмыс ауысымынан шығып, дауыс беруге келді

Қаладағы коммуналдық және өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлері де жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, азаматтық міндеттерін орындауға уақыт тапты.

Көшелердің тазалығын таңнан бері қамтамасыз етіп жүрген «Алматы Тазалық» мамандары жұмыс арасындағы үзілісте сайлау учаскелеріне келіп, арнайы жұмыс киімімен дауыс берді.

Алматыда дауыс беру сағат нешеге дейін жалғасады?

Алматы мәслихаты депутаттарының сайлауы жалғасып жатыр. Қала тұрғындары өз таңдауын сағат 20:00-ге дейін жасай алады.

Мегаполисте тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 41 сайлау учаскесінде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.

Сондай-ақ бүгін, 29 қарашада, Алматыда қоғамдық көлік барлық жолаушы үшін тегін қатынайды. Бұл тұрғындарға сайлау учаскесіне қосымша шығынсыз жетуге мүмкіндік береді.

Дауыс беру қалыпты режимде өтіп жатыр. Біз қала аудандарындағы сайлау атмосферасын бақылауды жалғастырып, фоторепортажды жаңа кадрлармен толықтырамыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның қазіргі Әнұранын алғаш орындаған Талғат Күзембаев Алматы мәслихаты депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бүгін 10:32

Олимпиада жүлдегері Нариман Құрбановтың әкесі әрі жаттықтырушысы Алматыдағы сайлауда дауыс берді

Бүгін 10:28

Алматыда сайлау күні тұрғындардың көру қабілеті тегін тексеріліп, көзілдірік таңдап беріліп жатыр

Бүгін 10:26

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Берғалиев мәслихаттардың қала дамуындағы рөлі туралы айтты

Бүгін 10:22

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының  депутаттары сайлауында сайлаушылардың дауыс беруі туралы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ақпарат

Бүгін 10:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);